ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕМЕН ТОЛЫҚТЫ

426

Шымкенттік оқушылардың қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп жазады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілетем жасаған «ardak.kz» ақпараттық агенттігі.

«Балалар жылына» орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 04-06 мамыр аралығында онлайн форматта «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

Байқаудың міндеттері:

1) балалар мен жастардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару;

2) балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін өзі жетілдіру және өзін өзі дамыту қажеттіліктерін дамыту;

3) бастамалар және иновациялық стартаптарды жүзеге асыру үшін алаң құру;

4) қоғамдық белсенділік және әлеуметтік жобалау дағдысын дамыту;

5) балалар мен жастардың жобалық қызметтерінің табысты тәжірибесін бағалау және тарату;

6) іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.

Байқау жалпы 10 номинациядан тұрады. Ережеге сәйкес қалалық іріктеуден өткен жеңімпаздар республикалық кезеңге қатысып, 10 номинация бойынша шығармашылық жобаларын қорғады.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейдің оқушылары Сұлтанбек Арман «Отаным — қасиетті туған жерім» номинациясы бойынша ІІ орын және Рысбеков Дайырбек «Менің ашық университеттерім» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді.

Жеңімпаз шәкірттерімізге бұдан да биік белестерді бағындырып, білімнің шыңына қол жеткізе беріңіздер дегіміз келеді.