ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

439

Шымкентте 8-15 мамыр аралығында өткен Beeline Challenger 80 халықаралық турнирінде жеке және жұптық сайыстардың чемпиондары анықталды, деп хабарлайды ardak.kz ақпарат агенттігі дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпиондық атаққа германиялық Себастьян Фаншелоу мен американдық Эмилио Нава таласты. Жарыс барысында Себастьян іріктеуден негізгі жеребенің финалына шықты. Эмилия да іріктеу сынында өнер көрсетуі керек еді, бірақ ойыншылардың бірі шығып қалғандықтан, ол автоматты түрде негізгі ойынға шықты.

Финалдық ойын керемет өтті. Бірінші ойынның соңы америкалықтардың сәтті өткен бір брейкімен шешілді. Нәтиже – 6:4. Екінші сетте ойын тай-брейкке ұласты, бұл жолы тағы да Эмилионың асығы алшысынан түсті: 7:6 (7:3). Осылайша, АҚШ өкілі жекелей сында Челленджер сериясының мансабындағы алғашқы атағын жеңіп алды.

Жұптық сында 1-ші орынды Антуан Белье (Швейцария) — Габриэль Декампс (Бразилия) жеңіп алды. Олар финалда Себастьян Фанселоуды (Германия)/ Каичи Учиданы (Жапония) — 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңді. Осылайша оларға 2-ші орын бұйырды.

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Шымкентте өтіп жатқан BeeTV Challenger 80 турнирінің екінші айналымына шыққан болатын.
Дүниежүзілік рейтингте 491-орында тұрған Бейбіт Жукаев бастапқы кездесуін әлемнің 418-ракеткасы, үндістандық Саши Кумар Мукундпен өткізді. Ақтау қаласының түлегі, 21 жастағы теннисші бірінші партияда айқын басымдылық танытты – 6:1. Екінші сет тартысты өрбіп, тай-брейкте Бейбіт жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев екінші айналымда жапониялық Каичи Учидамен шеберлік байқасты. Алайда екі отандасымыз да жүлдеге іліне алмады.

Айта кетейік, Шымкентте өткен теннистен халықаралық турниге әлемнің түкпір-түкпірінің 20 елінен 60- аса спортшылар қатысты.