ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

1124

Бүгін «Тәуелсіздік» саябағында 4 – маусым «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні» мерекесіне арналған іс-шарасы өтті.

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ту ұстаған шерушілер үш топқа бөлініп қала көшелеріне шеруге шықты. Әуелеткен ән, туды желбіреткен 30 автокөлік шерушілері Төле би көшесінен шығып Ордасы алаңында бас қосса, 30 велоспортшылар шеруімен Қазыбек би көшесінен Ордабасы алаңына және Ту көтерген 30 еріктілер Әйтеке би көшесінен Орбасы алаңына келеді.

Тәуелсіздік саябағы, Рәміздер алаңында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов және депутаттар, барша патриот жастар қатысты.

Айта кетейік, 4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді.

1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар — Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып қалады.

Мемлекеттік рәміздер — мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі. » Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына және » Қазақстан Республикасы кәсіби және басқа да мейрамдары туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлықтарына сәйкес 4 маусымда Республикада мемлекеттік рәміздер күні тойланады.