Қайрат Ахметов Сингапурда жапон файтерін жеңді

3079

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов (25-2) ONE Fighting Championship промоушеніндегі кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Сингапурдағы ONE 158 жарысында жапондық спортшы Тацумицу Вадамен (23-11-2-1) жекпе-жекке шықты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген және төрешілердің шешімімен Ахметовтың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қайрат Ахметов ММА-дағы кәсіпқой мансабында 26-шы жеңісіне қол жеткізсе, Тацумицу Вада 12-ші жеңіліске ұшырады.

Ахметов үшін бұл ONE FC промоушеніндегі тоғызыншы жекпе-жек екенін қосамыз: қазір оның жеті жеңісі мен екі жеңілісі бар.

Сондай-ақ 34 жастағы қазақстандық файтердің қатарынан бес жеңіс сериясы бар.