Шымкент қаласы көшелерін көгалдандыру мақсатында Қаратау ауданы бойынша ағымдағы жылы 120 мың түп көпжылдық гүлдер егілсе, 250 мың түп голландық қызғалдарқтардың 5 түрі отырғызылыпты. Сондай-ақ, 6 мыңға жуық тал көшеттері қондырылып, қала көшелеріне ерекше сән беруде. Күннің аптап ыстығында олар қалай күтіп, бапталуда.
Ұланбек Арғынбеков көшесі — бұл қалалың орталық көшелерінің бірі. Мұнда қазір, жол бойындағы көгалдарды қырқу жұмыстары жүргізілуде. Жасыл желектің жайқалып өсуіне өз септігін тигізетін күтіп ұстау жұмыстары, қала көркіне ерекше сән беруде.
Көгалдарды күтіп ұстау жұмыстарымен қатар, ағаштарды пішіндеу, қураған шөптерді отау, оларды әктеу, дәрілеу жұмыстары да уақтысында атқарылуда. Осы орайда, екі ауысыммен жұмыс жасап жатқан жұмысшылар, жасыл желекті күндіз де, түнде де суғаруда. Оларға елдімекендердің еріктілері көмекке келуде.
Қаратау ауданы бойынша биыл 120 мыңнан астам көпжылдық гүл егілсе, 250 мыңға жуық бір жылдық қызғалдақтар қала көркіне сән беруде. Оларды күтіп ұстауда күннің ыстығы кедергі емес, дейді бағбандар.
Алдағы күзде аудан аумағында тағы да 5 мың түп гүл егіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, 2,5 мың түп жас көшеттер отырғызылмақ екен. Айта кетейік, өткен көктемде егілген 6 мыңға жуық тал көшеттері бүгінде жайқалып өсіп, қала көркіне сән беруде.
Сондай-ақ, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары аудандардың орталық бөліктерінде ғана емес, тұрғын алаптарында да жүргізіліп жатыр.
Жалпы, ауданның әрбір тұрғыны айналаның көркейіп, гүлденуіне бей-жай қарамай, тұрмыстық қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға атсалысулары қажет. Қала қонақтары да қала қоршаған ортаның тазалығын ұмытпай, қоқыс қалдықтарын белгіленген жәшіктерге тастап, тазалық сақтап жүргендері жөн.