Шымкент қаласы Абай ауданы «Жастар ресурстық орталығы» және «Мирас» колледжінің ұйымдастыруымен «Темекіні тастаудың ең тиімді жолы» тақырыбында семинар өтті.
Кездесудің мақсаты жастарды темекі және басқа да зиянды заттардан аулақ болуға шақыру. Сондай-ақ темекіні тастаудың жолдары жайлы мағлұматтар беру.
Шара барысында Шымкент қаласы наркология бөлімінің дәрігерлері жастарға темекінің адам өміріне тигізетін зияндығы жайлы түрлі презинтациялар мен бейнероликтер көрсетті. Сонымен қатар оны тастаудың жолдары жайлы мәліметтер айтты.