ШЫМКЕНТТЕ ЖЕМІСТЕРДІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРНЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

719
Шымкент әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Алтынтөбе елдімекенінде орналасқан жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорынның бірі «Алан и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысымен танысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ardak.kz ақпараттық агенттігі.
2018 жылы құрылған кәсіпорын 2020 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде мекеме иелігіндегі 45 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен қарқынды бау егілген. Оның 39,5 гектарында алма, екі гектарында шабдалы, екі гектарында алмұрт және 1,5 гектарында жүзім өсіріледі.
2021 жылы кәсіпорын жеміс-көкөністі қайта өңдеу зауытының құрылысын толығымен аяқтап, осы жылы зауыттың жұмысы толығымен іске қосылды. Инвестиция көлемі 1 200 миллион теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы сағатына жеті тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап (джем), шырын сияқты дайын өнімдер шығарылуда. Сонымен бірге 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.
Ерекше атап өтерлігі, Қазақстанда пектин ұнтағын шығаратын ең алғашқы кәсіпорынның бірі болмақ.
Сонымен қатар, «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Кәсіпорын жұмысына қаныққан қала әкімі өнімдердің ішкі және сыртқы нарыққа шығуына аса мән беру қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, бұл күні қала әкімінің төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өті, онда 15 жаңа жоба таныстырылды.  Қла әкімі жиын жобалардың әрбірімен жеке танысып, мемлекеттік қолдау түрлері мен қаланың жоғары мүмкіндіктерін айтып, барлығын зерделеу үшін жетекші сала басшыларына тапсырма берді.