ШЫМКЕНТТЕ АЛЮМИН БАНКІЛЕР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

646
Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралады. Соның бірі – «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан Орталық Азияда теңдесі жоқ алюминді банкілер шығаратын зауыт. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ardak.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«KazALPack» ЖШС-ның көлемі 6 гектар. Инвестициялық жобаның құны — 23,4 млрд. теңге. Жылына 500 млн қақпағы бар банкі шығаруға қауқарлы кәсіпорын 157 адамды жұмыспен қамтып отыр. 80 пайыз ішкі нарыққа, 20 пайыз сыртқы нарыққа шығарылады. Өткен айда техникалық пайдалануға берілді. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60 пайызын алмастырады.
Осыдан кейін,  Шымкент қаласы әкімінің аралауы өнеркәсіп орындарына арнады. Жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриялық аймағына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жалпы аумағы 306 гектар аймаққа инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 200 млрд. теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Қазіргі таңда 100 млрд. теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді.
Қала әкімі іске асырылатын әрбір жобамен танысып, өзекті мәселелерін талқылады. Тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Шымкентте биыл шыныдан шыны конструкциялар өндіретін жаңадан «Авангард» зауыты ашылады. Қала әкімі аталмыш кәсіпорынға барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асқанда 50 жаңа жұмыс орны құрылады. Толығымен ішкі нарықты қамтиды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтар орналастырылуда.