«ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

1757

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты:
1.  Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру;
2. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын  қазығы туған  ұясы, өз отбасындағы ата-ана  тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру;
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қытынс қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге: ҚР психологтар лигасының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы отбасы демографиясы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі, кәсіби психолог Қойшиева Лимана Құттыбекқызы, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі жетекшісі полиция подполковнигі Шрахметова Гүлмира Тілеуғалиқызы, ,  Халықаралық журналист, Болашақ бағдарламасының түлегі, Халықаралық PR және ғаламдық коммуникацияны басқару саласының магистрі GGQ&Co Халықаралық PR және медиа агенттігінің бас директоры Шойынбекова Бахыт Сейілбекқызы және «Политехникалық колледжінің» студенттері қатысты.
Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.