Мектеп оқушыларына жол ережелері түсіндірілуде

1082
Шымкент қаласы аумағында Полиция департаменті тарапынан «Абайлаңыз, балалар» тәртіптік іс-шарасы өткізілуде. Оның басты мақсаты — автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.
Осыған орай, Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторлары №83, №,111, №116 жалпы орта мектептің оқушыларына «Абайлаңыз — балалар!» құқықтық іс-шарасының негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлері тарапынан жасы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына, сондай-ақ жасөсіпірімдерге жол жүру ережесін сақтау, жаяу жүргіншінің бағдаршамның тек жасыл түсіне өту, жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратыны туралы айтылды.
Өз кезегінде, жаңа оқу жылында мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаруда.