«Түркістаннан бастасын!»: белгілі заңгер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжановқа сәлем жолдады

1146

Жемқорлыққа қарсы агенттік басшылары әкімдермен бірге тамақ ішіп жүргенде, ол өңірдің жемқорлығы ешқашан ашылмайды! Ахметов Түркістан мен Шымкенттегі жемқорлыққа қарсы агенттік басшыларын бірден орындарынан алсын!

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек бүгін ғана тағайындалған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің су жаңа төрағасы Марат Ахметжановқа сәлем жолдады. Заңгер өз жолдауында Ахметжанов мырзаған жемқорларды тазарту жұмысын өзге емес Түркістан өңірінен бастауды ұсынған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Қоғам белсендісінің айтуынша, Түркістан мен Шымкенттегі жемқорлыққа қарсы агенттік басшыларын тез арада қызметтерінен аластатылуы тиіс. Себебі, аталмыш өңір жемқорлықтың шырмауына әбден батқан. Ашылған іс ұзамай жабылып қалады. 

«Жемқорлыққа қарсы агенттік басшылары әкімдермен бірге тамақ ішіп жүргенде, ол өңірдің жемқорлығы ешқашан ашылмайды!

Жемқорлықтан ең бірінші өңірлерді тазалау керек! 
Ахметов Түркістан мен Шымкенттегі жемқорлыққа қарсы агенттік басшыларын бірден орындарынан алсын!
Шымкентте бір жылдан асты 3,5 миллиардтқа қатысты қылмыстық іс ашылған, әлі созбалаңға салынып тергеліп жатыр деп еді, жабылып та кеткен шығар. Бұл істе әкімдікте істейтін шенеуніктердің аты жөні шығып, тіпті қамауға алынып, кейін үй қамаққа шығып, сол күйі ол іс жайлы үн жоқ! 3,5 миллиардтың сұрауы жоқ болып тұр ғой сонда?

Халық үшін тұрғын үйге бөлінген қаржы осылай желініп кете бере ме? Оу, жоғарыдағылар!
Қара халықты аясаңдаршы, сол ақшаға қаншама отбасы үйлі болар еді…», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Заңгердің жазуынша, Түркістан мен Шымкент қаласына қатысты жұрт арасында шағым өте көп. Алайда ол шағымдар ескерусіз қалып, ашылған істер ұзамай жабылып қалады екен.

«Түркістан облысында енді сөзбен айтып жеткізу қиын жемқорлық бойынша түсіп жатқандар шағымдар өте көп. Бұл жақтың агентігі жемқорлықты ашуымен емес жабуымен айналыса ма түсінбеймін. Түркістандағы жемқорлыққа қарсы агенттікті тіпті жаба салу керек!

9,5 миллиард теңге Білім саласынан талан-таражға түскені жайлы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шағым түскен. Қылмыстық іс қозғалып 9,5 миллиард теңгенің талан-таражға түскенін анықталған. Ал Түркістан облыстық прокуратурасы істі алып қайта жемқорлыққа қарсы агенттіге береді. Біз ол жаққа алдында шағым жазғанбыз, олар арызымызды қараған жоқ еді, «енді бұл жолы істі қысқартудың іс әрекетін жасап жатыр» деп арызданушылар маған шағым айтып келіпті. Менен алдын біраз журналистерге шағым айтып барған екен. 
Үлкен ұйымдасқан топ, оған облыс әкімнің орынбасарының да қатысы болуы мүмкін. Сол үшін істі агенттікке берді дейді. Ол жемқорлықты ашатын агенттік емес, жабатын агенттік деп ашуланып келген халыққа тіпті не айтарымды білмедім. Мүмкін енді жаңадан келген төраға Ахметов ашар жемқорлықты. 

«Бізде жемқорлық неге ашылмайды?» деп сұрап жатады. Себебі прокуратура ашылып келе жатқан кез келген істі алып қойып, өздеріне ұнаған органға беріп, істің ашылуына кедергі жасайды. 

Осыдан кейін бізде миллиардтап жегендер құтылып, 10000 теңге пара алғандар он жылға тұтылып кете барады!», — деп жазған жазба авторы.