Шымкенттік оқушыларға профилактикалық сабақ өткізді

1044
Ағымдағы жылдың 13-19-қыркүйек арылығында Шымкент қаласы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығңын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасының кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторлары полиция лейтенанты Құдайберген Ширинбеков пен Еркебұлан Емкулов қаладағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына сабақ өткізді. Онда оқушылардың сабаққа толығымен қатысуын және түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалау мақсатында ойынханалар, мешіттер, көңіл көтеретін орындарға рейд жүргізілетіні айтылды.
Сабақ барысында оқушылармен сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.