ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

1018

Шымкент қаласында инвестициялық жобаларды жедел түрде қарап, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін қала әкімінің басшылығымен инвестициялық штаб құрылды. Штабтың міндеті – инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша нақты шешім қабылдау.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық ететін штаб құрамына қалалық басқармалар, аумақтық департаменттер мен монополистер кіреді. Әр жұма сайын өтетін штаб отырысында, инвесторлармен zoom платформасы арқылы байланыс орнатылып, әкімшілік кедергілерді жою, қолайлы жағдай орнату және үйлестіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Жалпы қала экономикасы үшін денсаулық, тұрғын үй, қайта өңдеу өндірісі мен агроөнеркәсіптік кешен секілді базалық секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар аударылып отыр.

Айта кетейік, Шымкентте кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп, инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Соның нәтижесінде өткен жылы инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278,5 млрд.теңгеге жеткен. Ал, алдағы бес жылда қалаға барлық бағыттар бойынша 3,7 трлн. теңгені құрайтын инвестиция тарту жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі