Шымкент қаласының әкімі француз делегациясымен кездесті

1388

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Францияның Ұлттық Ассамблеясының депутаты, «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Пьер Кабаре мен Францияның Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ бастаған француз делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мәдениет, білім және кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Үшінші мегаполисте француз музыкасының фестивалі мен көрмелер өткізу мүмкіндігін сөз қылды.

Шымкенттің инвестициялық мүмкіндіктері жайы туралы айтқан Ғабидолла Әбдірахымов қалада бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен «Тассай» және «Оңтүстік» индустриалды аймақтары сәтті жұмыс істеп келетін және «Жұлдыз» жаңа индустриялды аймағы құрылатынын атап өтті.

«Біз француз компанияларының ақпараттық технологиялар, цифрландыру, жеңіл өнеркәсіп өндірісі мен Smart City жобаларына қатысуын және инвестиция салуын қолдаймы», — деді қала әкімі.

Ал Пьер Кабаре көптеген жобаларды іске асыруға және Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға мүмкіндік берген қазақстан-француз форумы туралы әңгімеледі.