Дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою турал

2716
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының (Салық Кодексінің) 79 бабының, 1 тармағына сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен салық органына хабарлама жіберді және қызмет көрсететін ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіпкерлікпен айналысуға тиіс.
Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, жеке кәсіпкерлікпен, сауда саттықпен, қызмет көрсетумен айналысатын жеке тұлғаларға, сонымен қатар шоу-бизнес субьектілеріне тамадаларға, әншілерге, бишілерге, продюсерлер мен коммерциалық директорларға Заңға сәйкес, Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп қызмет көрсету керек екенін хабарлайды.
Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы Абылхасымов Құрманәлі Әлімбайұлы
«Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды! Жіберілген чек үшін ұялы телефонға баланс толтыруға болады!
Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал!» акциясы ағымдағы жылдың 13-мамырынан бастап іске қосылғанын назарларыңызға ұсынады. Акция жыл соңына дейін жалғасады. Оның негізгі мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, кемшілік расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.
Барлық тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы Жахан Бекзат Талғатұлы