ШЫМКЕНТ: 82 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫШЫМКЕНТ: 82 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

18

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында 2025 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев салада жүзеге асырылған негізгі жұмыстарды қорытындылады.

Басқарманың мәліметінше, қалада ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 51,8 млрд теңгеге жетті (жоспар – 55,3 млрд тг). Биыл 23 мың га жерге дақылдар егіліп, 82 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде, дәнді дақылдар – 7,0 мың га, майлы дақылдар – 3,3 мың га, көкөніс-бақша – 1,8 мың га, мал азығы – 10,9 мың га.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 12 жоба бойынша 43,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 170 жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, 1 көкөніс қоймасы, құс фабрикасы, 6 сүт өңдеу кәсіпорны, 1 сүт фермасы, жеміс-көкөніс өңдеуді кеңейту және жылыжай кешені («Alsera KZ» – 40 га). Бүгінде «Alsera KZ» компаниясы 40 гектар жылыжай кешенінің құрылыс жұмысы аяқталып, алғашқы өнім жиналып жатыр.

Тұрақтандыру қорының айналым механизімі аясында ірі сауда желілері мен тауар өндіруші кәсіпорындармен (ұн, жұмыртқа, нан, сиыр еті, тауық еті, күнбағыс майы) келісім-шарттар түзіліп, 90-ға жуық сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.
Басқарма басшысы әлеуметтік сауда нүктелерінің санын ұлғайту мақсатында, халықтың тығыз орналасқан аймақтарынан «Бақша» атты 15 әлеуметтік павильоны іске қосылғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы барысынан хабардар етті.