Алты ай бойы кіп-кішкентай екі облысты ала алмау

1096

24 тамыз Украина үшін айтулы дата. Бүгін Украинаның тәуелсіздік күні. Сонымен қатар бүгін Украинаға Ресейдің басакөктеп кіргеніне тура алты ай. 

Ресей Украина астанасы Киевті 48 сағаттың ішінде басып аламыз дегеніне 6 ай болды. Соғысты «арнайы операция» деп атаған Кремль, Украинаға бірнеше бағытта басып кірді, алайда тек оңтүстік бағытта жетістікке жете алды. Ол Херсон облысы мен Запарожье аймағында. Соғыстың алғашқы күндері Ресей арналары «Украина зымыран қорғаныс жүйесі талқандалды», «Украина авиациясыз қалды», «Мариуполь бірнеше сағат ішінде Ресейдің қолына өтеді», «Азат етуші әскерді украин халқы қуана қарсы алуда» деген ақпараттарды таратты. Алайда оның қисынға сай еместігін уақыт өзі дәлелдеді.

«Украина соғысын үш кезеңге бөліп қарастырса болады» дейді сарапшылар. Ол Ресей әскерінің үш мәрте ышқына шабуыл жасауымен тікелей байланысты.

Бірінші кезең ақпан айы мен сәуірдің басына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл аралықта Ресей әскері жылдам қимылдап, Киевті алуға тырысты. Алайда сәтсіздікке ұшырады. НАТО елдері Украинаға әскери көмек беруді әлі нақты жүйеге қоймаған кезең. Ресей әскері Киев маңында жеңіліске ұшырап, үш облыстан шегінді. Алайда Буча, Ирпень қалаларында қан-қасап жасап, геноцид ұйымдастырды.

ГП РФ ищет создателей фейка из Бучи. Достоверность видео не смог подтвердить и Пентагон - 04.04.2022, Sputnik Латвия

Екінші кезеңді сәуір мен шілде аралығында деп қарастыруға болады. Бұл Украина әскерінің шоктық әсерден есін жиып, жүйелі күрес жүргізе бастаған сәті. Дәл осы кезеңде Ресей әскеріне қарсы Батыс елдері Украинаға көмек көрсету мақсатында «Рамштайн» форматын жүйеледі, АҚШ өз тарихында екінші мәрте Ленд-Лиз қабылдады. Ленд-Лиз бойынша қару түрлері Украинаға күзде келіп жетпек, қазіргі таңда ол бойынша 800 компания өз өнімдерін ұсынуда.

Екінші кезеңнің бірнеше айтулы оқиғаларын атап өтуге болады. Ол «Мәскеу» крейсерінің суға батуы. Ресейдің Қара теңіздегі флагманы болған «Мәскеу» крейсері 14 сәуірде суға кетті. Ресей билігі «Мәскеудің» суға кетуі кемедегі қауіпсіздік шараларын сақтамаудан десе, әлемдік әскери сарапшылар кемеге зымыран соққысы жасалғанын дәлелдеді.

Мариуполь қаласының қорғанысы «Азов» полкі мен Азовсталь зауытындағы шайқастарды әлемге жария етті. «Азов» полкінің қорғанысын Ресей әскері үш ай бұза алмай, ақыры зауытты қорғаған жауынгерлер белгісіз шарттар бойынша келісімге келіп, тұтқынға берілді. Украина мәліметіне сүйенсек, Мариуполь қаласында 20 мыңнан астам бейбіт тұрғын опат болған.

Чем заменить крейсер «Москва» и что может стать новым флагманом Черноморского флота — Ferra.ru

Украина Жыланды (Змеиный) аралын басқыншы әскерінен азат етіп, туын тікті. Осы аралықта Киевке ауыр артиллериялық жүйелер беріле бастады. Артынша қуатты Himars зымыран кешендері келіп жетті. Бұл Украинадағы соғыс келбетін өзгертті. Елдің шығысында қиян-кескі шайқастар жалғасын тапты, Ресей әскері әупірімдеп жүріп Луганск облысының шекарасына шықты. Лисичанск пен  Северодонецк қалалары үшін болған шайқаста, Украина әскері қоршауда қалмау үшін тактикалық шегініс жасады. Осылайша Ресейдің Украина әскерінің үлкен бөлігін қоршауға алып, жою жоспары іске аспай қалды.

Спецоперация на Украине — потери ВСУ, боевые действия, остров Змеиный

Украина Батыс берген зымыран кешендерінің көмегімен Херсон бағытындағы шабуылын үдете түсті. Басты тактика ретінде әскери қоймалар мен штабтарды жоюды іске асыруда. Бұл өз кезегінде Ресей әскерінің оқ-дәрі қорын тауысуға себепкер болуда. Ресей әскері зымыран жетпейтін аумаққа әскери штабтарын көшіруге кірісті. Украина Херсон бағытындағы шабуылын үдету мақсатында Херсонды жалғап тұрған үш көпірге соққы беруді іске асыруда. Бұл жағалаудың батыс бөлігіндегі 6 мың Ресей әскерінің қоршауда қалуына әсер етуі мүмкін.

Секретарь СНБОУ: Украина уже получила девять установок HIMARS и их аналогов | Новости Одессы

Үшінші кезеңді шілде-тамыз аралығы дейді сарапшылар. Бұл кезеңде тараптар айтарлықтай ірі операцияларды іске асырмады. Соғыс позициялық сипатқа өтті. Артиллериялық соққы алмасу мен зымыранмен төпештеу іске асуда. Украина соңғыстың үшінші кезеңінде Қырымда сәтті операцияларды іске асыруда. Қырымдағы Саки әскери әуежайы жойылды. Ресей өрттен десе, сарапшылар соққы болғанын айтады. Әуежайдағы ондаған шабуыл жасаушы және бомбалаушы ұшақтар жойылды. Артынша Қырымдағы Қара теңіз флотының штабына камикадзе дронмен шабуыл жасалып, бірнеше әскери қойма жарылды. Бұл Қырымдағы ресейліктерді үрейлендіріп, ондаған мың ресейлік Қырымнан Ресей аумағына кетті. Осылайша Украина үшінші кезеңде соғыс географиясын кеңейтті.

Взрывы на аэродроме в Новофедоровке. Что это было и чего ждать?

Ресей әскерінің шабуыл жасау қарқынының бәсеңдеу себебі, жаяу әскер құрамындағы шығынның көп болуынан дейді мамандар. Жаппай мобилизация жасау арқылы құрамды толықтыруға болады, алайда ол үшін Кремль «арнайы операция» емес, соғыс деп форматын өзгертуі тиіс. Бұл өз кезегінде Украинадағы Ресей әскерінің сәтсіздігін өз халқына мойындағанмен бірдей болары анық. Бұл Путин режимінің имиджін бұзады, сондықтан Мәскеу ондай қадамға бармайды дейді мамандар.

Украина осы аралықта ЕО-ға кіруге кандидат ел ретінде тіркелді. Бұл соғыстың басты жеңісі дейді Киев. Себебі Ресейдің шабуыл жасауының бір себебі Киевтің Еуразиялық экономикалық одаққа кірмеуінен еді. Бүгінде Киев ұйымға кіру бойынша талаптарды орындау үстінде. Ең алдымен электр энергиясын Еуропалық стандартқа өткізуді іске асырып жатыр.

Ал соғыс жалғасуда. Әлемнің «екінші әскері» әлі де алған бетінен қайтпай, шабуылды үдетеміз дейді. Алты ай бойы кіп-кішкентай екі облысты ала алмай жатыр…

Асхат Қасенғали

Abai.kz