Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Шымкент қаласының төрт ауданында «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшелері ашылды.
Бүгінгі жастардың игілігі үшін пайдалануға берілген орталық 2 қабаттан тұрады және бір мезетте 50-100 жасқа қызмет көрсете алады.
Орталық негізгі 5 бағыт бойынша жұмыс атқарады: ⤵
1. Жастарға қызмет көрсету бағыты бойынша;
Жастарға қажетті 5 бағыт бойынша кеңес беріп, қызмет көрсетеді.
Олар:
— Жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау;
— Жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары;
— Жас кәсіпкерлерді қолдау және несиелендіру жолдары;
— Жастарды жұмыспен қамтуды үйлестіру;
— Тұрғын үймен қамту мәселесі;
2. Талантты жастарды қолдау бағыты бойынша;
Қазіргі таңда жастардың бойында өмірлік дағдыларды қалыптастыру мен оларды жан-жақты дамыту мақсатында орталық жанынан жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған 7 үйірме-клубтары жұмыс жасайды.
3. Коворкинг орталығы;
Коворкинг орталығы бір мезетте 12 жасты жұмыс орнымен қамти алады.
Коворкингте: бастауыш жас кәсіпкерлер, програмисттер, дизайнерлер, фрилансерлер және медиа контентпен жұмыс істеушілер жұмыс жасайды.
4. Шағын кітапхана;
Кітапхана күнделікті 10-15 жасқа дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда кітапхананың қорында «Елбасының еңбектері», «Түркі әлемінің тарихы» және «Әлем әдебиеті», сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған «100 жаңа оқулықтың» 19 данасы және жастарға қатысты әлемдік әдеби-тарихи ақпараттарды ала алады.
5. Психологиялық кеңес беру;
Жастар арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу мақсатында және қиын өмірлік жағдайға тап болған жастарға психологиялық кеңес беру.
Ғимарат жанында 2 мектеп, 4 оқу орталығы, саябақ, аллея, театр, мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 аула клуб, 50 көпқабатты үйлер бар. Ғимарат орналасқан жерде жастармен жұмыс жүргізу, олардың бос уақытын тиімді өткізуге