САУДА НҮКТЕЛЕРІНДЕ ЕСІРТКІ ЖАРНАМАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

771

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және Шымкент қаласының Полиция департаменті «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының» қызметкерлері мен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарымен бірлесе отырып, қаладағы сауда нүктелеріндегі есірткі жарнамаларын алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты адамның ой түйсіктеріне кері әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын туғызатын бейнелер мен жазулары бар есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу. Сонымен қатар АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ/ЖИТС-дан тексеруден өту.

Іс-шара барысында жауапты мамандар аймақ кәсіпкерлеріне жүгініп, адамның ой түйсіктеріне кері әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын түсіндіріп өтті. Оның ішінде сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.