Шымкентте жаңа жылдық шырша Тәуелсіздік мерекесінен кейін орнатылады

1913

Жаңа жылдық шыршаның Тәуелсіздік мерекесінен бұрын қойылатынына қынжылыс білдіретіндер баршылық. Онысы орынды да. Еліміз үшін ең басты мереке саналатын Тәуелсіздік күнін құрмет тұтпайтындар әлі де болса жоқ емес.

Шымкент қаласының әкімдігі биыл көрегенділік танытып, жаңа жылдың басты нышаны шыршаны Тәуелсіздік мерекесінен кейін орнатуға шешім қабылдапты. «Әп, бәрекелді» дескендер көп.

Енді қалабасының осы бір игі бастамасын үлкен сауда орталықтарының басшылары да қолдаса деген тілек бар. Өйткені қаладағы кейбір ойын сауық орталықтары желтоқсан айы басталмай жатып-ақ жасыл шыршаны безендіріп тастайды.

Қайдан құлақ шығарса да өз еркі санайтын басшысымақтар еліміздің «жазылмаған заңдарын» сыйласа дегендік біздікі.

Шымқаланың басты шыршасы таяуда Бейбітшілік көшесінде ашылған Жаңа Арбатта орнатылмақ. Ашылғанына аз уақыт өтсе де қалалықтардың сүйікті мекеніне айналып үлгерген арбатта шыршаның орнатылуы расында ғажайыптар мекеніндей әсер қалдырары сөзсіз.

Жаңа жылдық шырша Тəуелсіздік мерекесінен кейін, яғни 18 желтоқсанда қойылады деп жоспарлануда.

дереккөз otyrar.kz