Қытайлықтардың экспериментінің нәтижесінде супер тышқан пайда болды

1580
Қытай ғалымдары заттарды инфрақызыл диапазонда көруге мүмкіндік беретін технология жасап шықты.
Ол Қытайдың ғылыми-техникалық университетінде әзірленген. Алғашқы сынақтан тышқандар сәтті өткендіктен, енді адам көзі үшін де тиімді болады деп айтуға толық негіз бар. Тәжірибе жасалған тышқандарда көзге көрінбейтін инфрақызыл сәулелерді көру қабілеті бірнеше күнге сақталып, ешқандай кері әсер байқалмаған.
Қараңғыда көрудің жолы – нанобөлшектерді көз торына тікелей инъекциялау. Ғалымдар болашақта бұл үшін қарапайым көз тамшылары да жеткілікті болатынын айтады.
Көздің ішкі қабатында орналасқан фоторецептордың сезімталдығы шектеулі. Олар көрінетін жарық, инфрақызыл (жылу) және ультракүлгін сәулелер диапазоны арасында орналасқан электромагниттік спектрдің тең емес бөлігін құрайды. Толқындардың басым бөлігі біз үшін көрінбейді.
Кейбір жануарларда бұл қабілет табиғатынан бар. Мысалы, маса, сондай-ақ жылан мен балықтың кейбір түрлері инфрақызыл диапазонда көруге қабілетті. Бұл оларға түнде немесе суық су айдындарында аң аулауға мүмкіндік береді.
Адамзат бұрыннан түнгі көру құралдарының көмегімен осы қабілетке қол жеткізуге тырысты. Аппарат адамның көрінбейтін инфрақызыл сәулелерін ұстап, толқындарды сәл қысқартады. Осылайша оларды қабылдау үшін қолжетімді етеді. Алайда, түнгі көру құралдарының түрлері аз. Сондай-ақ күндіз мүлдем пайдасыз.
Қытай ғалымдары әзірлеген нанобөлшектер ақуыз молекулаларымен жабылған. Олар арнайы принцип бойынша жұмыс істейді, тек фоторецепторларға тікелей жағылады.
Супер тышқандар
Тышқандарға жасалған эксперимент сәтті болды. Олар инфрақызыл диапазонда көре алатын болған. Бірнеше аптадан кейін нанобөлшектер табиғи түрде ағзадан жуылып, тышқандар тағы да кәдімгі кеміргіштерге айналды.
Тышқандардың көру аппараты адамға ұқсайтын болғандықтан, ғалымдар технологияның адамдарға да әсер етуі керек деп сенеді.
Бірақ алдымен екі маңызды техникалық мәселені шешу керек. Біріншіден, әзірленген нанобөлшектер ең ұзын инфрақызыл сәулелерді ғана көруге көмектеседі.
Екіншіден, балық, бақа мен жыландарға қарағанда, адамдар жылықанды топқа жатады. Адам денесіндегі жылуға мұның қалай әсер ететіні әлі белгісіз. Өйткені қысқа толқынды бөліктегі шу барлық басқа көру сигналдарын бұғаттайды.
Салтанат Шынәділ