Елімізде бір депутатты асырау үшін жылына 92 млн теңге жұмсалады – Санжар Боқаев

1118

Ол бұл туралы желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен 2020 жылдың қорытындысын шығара бастадым. Өткен жылға төлейтін салықтарды есептедім. Бұл шамамен 60 миллион теңге болып шықты. Кенеттен өзімді ыңғайсыз сезіндім.

Парламенттің бір депутатын да асырай алмапын. Шынында да мемлекет бір депутатты асырау үшін жылына 92 миллион теңге жұмсайды. 78 адамнан тұратын біздің ұжым елестетіп көріңізші, 5000 м2 өндірістік алаңда бір жыл бойы жұмыс істеді және мыңнан астам тапсырысты орындады. Біз көп жұмыс істедік, бірақ бір депутаты да асырай алмадық. Салтыков-Щедриннің бір генералдың екі генералды қалай тамақтандырғаны туралы әңгімесі есіме түсті. Ұят жағдай, менің бір депутатты да асырауға шамам жетпеді», деп жазды Санжар Боқаев.

«Егер парламент депутаттары S-класты Mercedes-тен бас тартса (тек осы шешім жыл сайын 1 миллиардтан астам теңгені үнемдейді). Егер депутаттарды қызметтік көлігінен айырса, оларға ештеңе болмайды деп ойлаймын, өз көліктерімен жүрсін

Вашингтон мен Нью-Йорк метросында Ақ үй мен Конгресстің әлдеқайда маңызды шенеуніктерімен кездестім.

Бізде де Мәжіліс пен Сенаттағы басы артық қызметкерлерден, олардың көптеген көмекшілерінен бас тарса материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағын да оңтайландыруға болар еді.

Мен өз тарапымнан жақсырақ жұмыс істеуге уәде беремін» деді ол.