ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕМДІК «РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ» БАСТАУ АЛДЫ

974

Шымкентте әлемдік «Роботтар фестивалі» бастау алды, деп хабалайды «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған ardak.kz ақпараттық агенттігі. Мұнда Лас-Вегас, Берлин, Пекин және Токиодағыдай әлемдік тұсаукесер технологиясымен 85 түрлі робот бар.

«Роботтар фестивалінде» сіз виртуалды және толықтырылған шындықтың 6 жаңа аймағынан өтіп, өз қолыңызбен боялған балықты виртуалды аквариумға жібере аласыз. Сонымен қатар, Байқоңырдан ғарыштық саяхатқа шығып немесе лазерлік лабиринттен өтіп, өзіңізді нағыз супер-агент рөлінде сынап көре аласыз.»Фестивальде» Android-ты роботтардың отбасымен  роботтардың үлкен циркі ұсынылды. Мұндағы туындылардың арасында Гиннестің рекордтар кітабына енгендері де бар.

Келушілердің басым бөлігі  200-ден астам бет әлпеті бар SociBot роботына таң қалды. Британдық жасаушылар бұл роботты арнайы театр қойылымдарына дайындаған. Сонымен қатар қонақтар Promobot v4 роботы — Виталиймен сөйлеседі. Бұл роботтың модельдерін университеттерде оқытады. Олар медициналық орталықтарда жұмыс істейді және американдық телеарналарда ауа-райы болжамын оқиды.

Бір қарағанда робототехника фестивалі жасанды сана иелерінің жарысы сияқты.  Десек те, бұл — адамның ақыл-парасатының сайысы. Себебі, бәйге робототехниктердің тәжірибелігін көрсетеді. Қатысушылардың мақсаты — ойын алаңында жеңіске жететін автоматты және механикалық роботты құрау.

«Роботтар фестивалі» осы уақытқа дейін, Милан, Прага, Афина, Минск, Санкт-Петербург, Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа да әлемдік астаналардың тұрғындарын таң қалдырды. Ендігі кезек Шымкент қаласының тұрғындарына арналады дейді,-ұйымдастырушылар. Айта кетейік, роботтар фестивалі 21 шілде мен 11 қыркүйек аралығында көрме орталығында өтетін болады.