Шымкентте терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстел өтті

376
Шымкентте терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ardak.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкент қалалық полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен әкімдік қызметкерлері бірлесіп Денсаулық сақтау объектілерінің басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында террористік тұрғыдағы осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар талқыланды. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары егжей-тегжейлі түсіндірілді, онда террористік тұрғыдан осал объектілердің, террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы:
1) тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, объектілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкес қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру;
2) үлгілік паспорт негізінде – объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу;
3) объектілердің қызметшілерімен олардың қорғалуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру;
4) терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу.
Айта кетейік, терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстелдер мен кездесу шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.