Шымкент қаласы бойынша қалалық фронт-кеңсесі жұмыс жасайды

632

Шымкент қаласында 4000-нан астам белсенді еріктілер жұмыс жасайды, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Әл-Фараби ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Керімбай Қаламқас Мұратқызы мәлімдеді. Шымкент қаласы бойынша қалалық фронт-кеңсесі жұмыс жасайды. Қаладағы 10-нан астам волонтерлік ұйымдармен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 30-ға жуық волонтерлік топтармен тығыз жұмыс атқарады. Оларда тұрақты түрде 4000-нан астам белсенді еріктілер жұмыс жасайды.

Аталған волонтерлік ұйымдармен волонтерлік топтармен «Жанға жылу» акциясы аясында қаладағы аз қамтамасыз етілген 1000-ға жуық отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қорлары жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасыларға баспана кілтін табыстады.

«Birgemiz:Saulyq» бағыты аясында «Ардагерлерді ардақтайық», «Мен донормын», «Дені саудың, жаны сау» акциялары аясында қаламыздың 4 ауданындағы ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты 80-ге жуық қарт кісілердің қан қысымын өлшеп, керекті дәрумендер яғни, жеміс-жидектер жеткізілді. «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша «Жарқын Болашақ», «Білімдінің күні жарық», «Blitth», акциялары аясында 20-ға жуық әртүрлі сала мамандарымен бірге мастер-класстар, тренинг жұмыстары ұйымдастырылды.

«Birgemiz: Тaza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында Шымкент қаласының волонтерлері «Біз таза қала үшін», «Таза қала тұрғындары» сенбілік акциялары демалыс, тұрғын алабтарында, ардагерлер үйінде, мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты қарттар үйінде, сонымен қатар саябақтарда 40-қа жуық сенбілік көгалдандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Ерекше жол», «Қасиет жол» және «Жігер» қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» акциясын оңалту орталықтарындағы және бейімдеу орталықтарындағы балаларға арнап 10-ға жуық акция ұйымдастырылды.

«Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында қаламыздың мұражайларында қаладағы ерікті жастармен тарихи-мәдени мұраларды сақтау бойынша Бейнелеу өнері мұражайында, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайларында іс-шаралар ұйымдастырылды.