Шымкентте «Психологиялық қолдау көрсету» бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес жастарды темекіге қарсы күресуге арналған барлық білім беру ұйымдарында «Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды» атты психологиялық сабақ өткізілді. Іс-шараға 4 ауданның білім беру ұйымдары белсене қатысты.
Сабақ барысында оқушыларға медицина қызметкерлері мен педагог-психолог, мұғалімдер әлеуметтік мәселелердің пайда болу себептерін түсіндірді. Бүгінде шылым шегу қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасына айналып отырғандығын жеткізді.
Сондай-ақ, темекі шегуден бас тарту көптеген аурулардың даму қаупін біртіндеп төмендетуге, өмір сүру ұзақтығын арттыруға, адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетіндігін айтып, түрлі мысалдар келтірді.
Психологиялық сабақ барысында 7-11 сынып оқушылары темекінің зиянды жақтарын және ғасыр дертінің бірі екенін жан-жақты түсініп, салауатты өмір сүрудің маңыздылығын ұқты. Өз кезегінде олар да адам денсаулығына зиян келтіретін осындай жағымсыз заттардан бас тарту керектігін айтып, салауаттылыққа шақырды.