ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ЕЛОРДАНЫҢ АТЫН АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМДІ ҚОЛДАЙДЫ

1546
19 наурызда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтату жөнінде тарихи шешім қабылдады. Тәуелсіздігіміздің іргетасын қалап, қарыштап даму жолына түскен қуатты елге айналдырған Елбасымыздың бұл қадамы да даналық шешім дей аламыз. 

Нұрсұлтан Әбішұлы осы шешімі арқылы демократиялық құндылықтарды жоғары қоятынын көрсетті. Ұлт Көшбасшысы жастарға сенім артатынын айтты. «Жас қазақстандықтарға айтарым: тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңіздер. Бұл – біздің халқымыз, біздің ұлы бабаларымыздың жері. Отанымыз да, жеріміз де бір», – деді ол.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның ұжымында 1300 адам жұмыс істейді. Олардың арасында отаншыл әрі жалынды жас мамандар бар. Елбасы жүргізген саясаттың арқасында біздің кәсіпорынға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Нәтижесінде біз өндірген өнімді тек Қазақстан емес, шетел нарығына да шығарудамыз. Сондықтан ұжым атынан Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымызды айтамыз.

Сарыарқа төрінде өз бастамашы болып, іргетасын қалаған Астана қаласының атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы шешімді қолдаймыз.

Жолдауларында, «Нұр Отан» партиясының съездерінде кәсіпкерлікке, отандық кәсіпорындарға қолдауын аямаған Ұлт Көшбасшысы алдағы уақытта да Қазақстанның өркендеуіне үлес қоса береді деп сенеміз.
Түркістан облысы,

«Кентау трансформатор зауыты»
АҚ-ның ұжымы