«Ине шаншар орын жоқ»: астаналықтар азық-түлік дүкендерінің астан-кестенін шығарды

2501
Астаналықтар кешелі бері қаладағы сауда дүкендерін торуылдап, жаңа жылға азық-түлік сатып алып әлек. Қаладағы сауда орталықтарында ине шаншар жер жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.
Астанада жаңа жылға дайындық қызу жүріп жатыр. Жаңа жылдық дастарханға азық-түлік алмақ болған қала тұрғындары кешелі бері сауда дүкендерін аралауда.
Қаладағы сауда дүкендерінде ине шаншар жоқ.
Сауда дүкендерінде тұрғындардың көп жиналғаны соншалық, азық-түліктің кей түрлерін халық тіпті түгін қалдырмай талап әкеткен.
Қала тұрғындары тіпті қараусыз жатқан көкөністер мен жемістерді де әкетуге әзір.
Ұзын-сонар кезектер әсіресе сауда дүкендерінің кассасы маңында шоғырланған. Онда астаналықтар сағаттап кезек күтіп тұр.
«Былтыр дәл осындай жағдай болған. 31 күні бір-бірімізбен төбелесуге дейін барып, кассаға кезекті сағаттап күткен едік. Биыл қалай да соңғы күнге қалмаймын десек те, тағы осылай болып тұр. Кезекте тұрғаныма жарты сағаттан астам уақыт болды», — дейді қала тұрғындарының бірі.