ЖАҚСЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

801
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Fitness park kz» жобасы іске қосылды. Жоба аясында өрендердің уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына бейімдеу үшін спорттың барлық түрі қамтылған.
«Fitness park kz» жобасы қала тұрғындарын әртүрлі спорт түрлеріне жаттықтырады және тегін қатысуға мүмкіндік береді. Аталмыш жоба қазан айының соңына дейін жалғасады.
Спорттық жоба қаланың төрт саябағында өтуде. Олар — Металлург, Орталық, Жеңіс және дедросаябағы. Жаттығуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Жастарға қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған.
Аталмыш жоба жастардың денсаулығының мықты , жігерлі болуына септігін тигізеді. Жаттықтырушылмен бірге болған жастар тұрақты сабақтан кейін алғашқы нәтижелерді сезініп, спортпен айналысуын жалғастырады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы Ұлттық теннис орталығында Конституция күніне орай жасөспірімдер арасында теннистен республикалық ашық турнир басталды. Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған сайыста 40-тан астам жасөспірім бақ сынап жатыр. Ауданда жасөспірімдер арасында теннис турнирін өткізу дәстүрге айналған. Бұл жолы сайыс Ата заң күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, Ата заңның қадірін арттыру бағытында тағылымды іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті. Республикалық ашық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада Абай ауданы әкімдігі AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалымен бірлесе аудандағы 100 балаға мектеп формасын, қажетті кеңсе тауарларын табыс етті. Ауданда «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың балалары қажетті тауарлармен қамтылуда. Қайырымдылық акцияға кәсіпкерлер, демеуші азаматтар атсалысты.