Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының 2021 жылғы иегерлері анықталды. Дәстүрлі түрде берілетін қаржылай марапаттан жастар тағы да құр алақан қалды. Назарбаев айтатын «мемлекеттің болашағы — жастар» бұл жолы да еленбеген. Әдебиет қайраткерлерінің тізімін 100-ге таяған Әбдіжәміл Нұрпейісов бастап тұр.
Әбдіжәміл Нұрпейісов – 1924 жылы туған, жазушы;
Мекемтас Мырзахметұлы – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы;
Уахап Қыдырханұлы – 1932 жылы туған, жазушы;
Әкім Тарази – 1933 жылы туған, жазушы;
Марфуға Айтхожина – 1936 жылы туған, ақын;
Олжас Сүлейменов – 1936 жылы туған, ақын;
Мырзатай Жолдасбеков – 1937 жылы туған, мемлекет қайраткері;
Ахмет Әшіров – 1938 жылы туған, жазушы-драматург;
Қойшығара Салғараұлы – 1939 жылы туған, жазушы-ғалым;
Сәбит Досанов – 1940 жылы туған, жазушы;
Кәдірбек Сегізбай – 1941 жылы туған, жазушы;
Софы Сматаев – 1941 жылы туған, жазушы;
Төлен Әбдік – 1942 жылы туған, жазушы;
Дулат Исабеков – 1942 жылы туған, жазушы;
Алтыншаш Жағанова – 1943 жылы туған, жазушы,
Ақұштап Бақтыгереева – 1944 жылы туған, ақын;
Темірхан Медетбек – 1945 жылы туған, ақын;
Серік Тұрғынбекұлы – 1946 жылы туған, ақын;
Александр Гарькавец – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым;
Иранбек Оразбаев – 1947 жылы туған, ақын;
Нұртас Исабаев – 1954 жылы туған, ақын;
Тұрсынжан Шапай – 1957 жылы туған, жазушы;
Ғалым Жайлыбай – 1958 жылы туған, ақын;
Дидар Қосылбеков – 1969 жылы туған, жазушы;
Бауыржан Өтеулиев – 1969 жылы туған;
Бақытжан Алдияр – 1974 жылы туған, ақын;
Бейбіт Сарыбай – 1983 жылы туған, жазушы.
«Тұрақты» тізімнің биыл да аса өзгеріске ұшырағанын байқамадық. Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әкім Тарази, Дулат Исабеков, Мырзатай Жолдасбеков, Олжас Сүлейменов, Сәбит Досановтар мемлекеттік стипендияның «өзгермейтін» иегерлері. Жыл сайын табысталатын сыйақыға келгенде Ақорда жастарға сараңдық танытып келеді. Бұл жолғы стипендия иегерлерінің соңын алып тұрған Бейбіт Сарыбай 38-де. Бұған дейін стипендия тізімінен Ерлан Жүніс, Бекзат Смадияр, Мирас Асан секілді жастар төбе көрсеткен. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында тәуелсіздік тудырған буыннан бірде бір жастың марапатқа ілікпеуі әдебиетке деген үміттің бұлыңғыр екенін көрсететіндей!!!
Айбын АТАБАЙ