Азық-түлік себеттері таратылды

718

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында жыл басынан бері демеушілер есебінен аз қамтылған 1056 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі.

Ауданда 2022 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 6020 отбасы өтініштерін білдіріп, оның 5460 отбасыға мұқтаж, 317 отбасыға мұқтаж емес деген қорытындылар берілді. Ал, қалған 243 отбасының құжаттары учаскелік комиссия қарауында. Айта кетейік, Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Еңбекші ауданының аумағы 20 660 га, халық саны 312 813. Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік ауданы болып саналады. Ауданда көптеген өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер шоғырланған. Атап айтсақ, Еңбекші ауданында 2 индустриалды аймақ (Оңтүстік және Ордабасы) және 1 арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ Оңтүстік) орналасқан. Сонымен қатар аудан аумағындағы 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Аудан 19 шағынаудандардан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 16 тұрғын алаптан тұрады. Еңбекші ауданында 611 көшелер мен өткелдер, 1 парк 2 сквер, 651 көпқабатты тұрғын үйлер мен 32306 жеке тұрғын үйлер орналасқан.

Сонымен қатар, аудан аумағында 43 мектеп, 24 мемлекеттік, 67 жеке меншік балабақшалар, 9 жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары, 44 денсаулық сақтау мекемелері, 11 кітапханалар, 9 спорт мекемелері орналасқан. Еңбекші ауданында бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында 2011-2020 жылдар 85 ашық спорт алаңшасы орнатылған. 2021 жылы 18 спорт алаңшасы орнатылып, жыл қорытындысымен ашық спорт алаңшалар саны 103-ке жетті. Ауданда әлеуметтік жағынан қорғалатын 8364 көп балалы аналар, 8134 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 1 ҰОС ардагерлері, 789 тыл еңбеккерлер, 236 ауған соғысы ардагерлері, 25545 ардагерлер бар.