Сайлауда халықаралық бақылаушыларды акредиттеу мәселелері бойынша есебі тыңдалды

538

Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау Комиссиясында өткен мәжілісте комиссия хатшысы Мұхтар Ерман Түркі мемлекеттері ұйымының өтініші негізінде ҚР СІМ ұсыным бойынша делегация құрамының өзгеруі себебінен екі халықаралық байқаушыны аккредиттеуді кері қайтарып алу туралы мәселе шығарылғанын хабарлады.
Осыған орай «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» ҚР ОСК 2022 жылғы 17 қазандағы № 92/577 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.
Бұдан өзге комиссия хатшысы ағымдағы жылғы 1-7 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігі бірқатар Миссиялардың байқаушыларын аккредиттеуге ұсыныстарының келіп түскенін хабарлады:
— ТМД Миссиясы құрамынан 55 байқаушы;
— ТМД ПАА — дан 34 байқаушы;
— Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Миссиясының құрамынан 19 байқаушы;
— Бұрын аккредиттелген халықаралық байқаушыларды ауыстыру үшін Түркі мемлекеттері Ұйымынан 2 байқаушы.
Сонымен қатар 14 шет мемлекеттен 24 байқаушы ұсынылды, оның ішінде Латвия, Сербия және Өзбекстанның орталық сайлау органдарының өкілдері де бар.
Аккредиттеуге барлығы 134 байқаушы ұсынылған.
2022 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша халықаралық ұйымдардан және шет мемлекеттерден халықаралық ұйымнан екі байқаушының аккредиттеуін қайтарып алынғанын ескере отырып, барлығы 271 байқаушы аккредиттелді.
Аккредиттеуге ұсынымдардың түсуіне қарай байқаушылар бойынша мәліметтер жаңартылатын болады. Ортсайлауком шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді 2022 жылғы 14 қараша күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырады.