Бізде еңбек етуді насихаттау жоқ!

821
Корей, қытай, европа телеарналарын, киноларын көрсеңіз үлкен фирмаларда немесе агрофермаларда әр түрлі заттарды, өнімдерді тыпырлап өндіріп жатқан еңбек адамдарын көп көрсетеді.
Қазақтар түсірген киноларды тағы басқа әлеуметтік желідегі бейнематериалдарды көрсеңіз, бізде ақша табу жолы — ән айту, дүние іздеп саяхат жасау, той ұйымдастыру, тендер алу, ақыл айтып, кеңес беріп оқыту, анау мынауды сату, бутик ашу, үй, жер сату сияқты, қол еңбегін, ұйымдасып, ұжымдасып еңбек етуді қажет етпейтін бағыттар көрсетіліп жатады.
Неге еңбек ету насихатталмайды?
Кез келген өндірістің өзегі — еңбек адамы емес пе?
Неге қарапайым еңбек адамының өмірі киноға арқау болмайды?
Мысалы, тігінші қыздың, зауыт жұмысшысының, тракторист жігіттің, қарапайым құрылысшының өмірі неге насихатталмайды?