ӨНЕРТАПҚЫШ ӨРЕНДЕР МЕРЕКЕДЕ ЖЕТІСТІКТЕРІН ПАШ ЕТТІ

777

Бүгін Шымкентте жас өрендер мен балғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін бірқатар салтанатты шаралар шеруі өтуде. «1 маусым – Халықаралық балалалар күні» мерекесі Достық үйінде қосымша білім беру ұйымдарындағы өнертапқыш оқушылардың көрмесімен басталды. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, балаларды айтулы мерекемен құттықтап, талантты да дарынды шәкірттердің жетістіктері үшін алғыс білдірді.

«Биылғы оқу жылы жақсы жетістіктермен, жағымды жаңалықтармен аяқталды. Каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қаламызда 237 жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастауда. Елімізде атқарылып жатқан, жоспарланған барлық жұмыстар балаларымыздың бақытты да, жарқын болашағына арналады» — деді М.Дүйсенбекұлы.
Бүгін қалада 12 мыңға жуық шәкірт мектеп бітіріп, олардың 90%-дан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдіруде. Биылғы жылы 2 618 түлек “Алтын белгі” мен “Үздік аттестатқа” үміткер болса, 600-ден астам оқушы халықаралық және республикалық білім, өнер, спорт сайыстарында топ жарды.

Көрмеге қала аумағындағы 19 қосымша білім беру мекемесі қатысып, өз жетістіктерін көрсетті. Мемлекеттің қолдауымен балаларға тегін қосымша білім беріп отырған ұйымдар жас буынның әсіресе, робототехникаға деген қызығушылығын арттырып отырғаны байқалды. Шымкент шәкірттерінің жетістіктерін паш еткен көрме үздіктер мен белсенді оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі