Экс-құда «Жаңа Қазақстанмен» тіл табысты ма?

569

Биыл наурызда Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты Қайрат Боранбаевқа қатысты үкім шығарған еді. Ол 8 жылға сотталған.

Өткен жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалған. Қайрат Боранбаевтың ісі сотта былтыр желтоқсаннан бастап қарала бастады. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019 жылы Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ пен Ибулла Серді өздерінің бақылауындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС арқылы «Qazaq Gaz» ұлттық компаниясынан (бұрынғы ҚазТрансГаз) газ тасымалдау кезінде қаражат жымқырған. Істе прокурорлар жымқырылған сома көлемі 14,5 млрд теңге екенін айтқан.

Кеше қамаудағы Қайрат Боранбаевтың аппеляциялық соты өтті. Боранбаев процессуалдық келісім жасап, қылмыстық тергеуге көмектесетінін айтты. Кінәсін толық мойындады.

БАҚ-тың жазуынша, бизнесмен Қайрат Боранбаев мемлекетке шығын ретінде 1,5 млрд доллардың активтерін қайтарып беруге келіскен.

Әдетте, заң бойынша, процессуалдық келісімнен кейін айыпталушыға немесе сотталушыға жеңілдік жасалып, тіпті, жазадан босатылуы тиіс. Ендеше, келесі кезекте Қайрат Боранбаев түрмеден босатылуы да бек мүмкін. Осылайша, экс-құданың эпопеясы да тәмамдалуға жақын.

Сарапшылар: «Боранбаев Жаңа Қазақстанмен компромиске келді», — дейді.

Abai.kz