Бұл жоба «Электрондық үкімет» порталы және еGov мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейді.
2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 17 жасқа толған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіліп, әскерге шақыру электронды түрде жүргізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы «Электрондық үкімет» порталы және еGov мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейтін болады.
Тіркеу барысында азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санаты айқындалады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы мәліметтер тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын болады.
Ведомсво өкілдері қызмет түрлерін автоматтандыру арқылы қағазбастылық азайып, енді барлық құжат электронды түрде қолжетімді болатынын атап өтті.
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалынатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан, наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын үнемдеп отырмыз, — деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.