Рақышев: Азиада тарихындағы ең әділетсіз шешім!

2042

Қазақстан бокс федерациясының басшысы Кеңес Рақышов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарындағы Қазақстан боксшыларына қатысты төрешілік әділетсіздіктер жайлы ресми пікір білдірді.

Ол кешелі-бері ақпараттық хабарла ретінде бірнеше жазба жариялады. Біз аталған жазбаларды Abai.kz оқырмандарына ұсынып отырмыз.

(Суреттер әлеуметтік желіден алынды)

Төрешілердің Азия ойындары тарихындағы ең әділетсіз шешімі!

Кеңес Рақышев:

— Құрметті жанкүйерлер, әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтың жартылай финалдық кездесуінде төрешілердің аса әділетсіз шешіміне қатысты өрескел оқиға орын алды. Шымбергенов бүкіл жекпе-жек бойы жапониялық Севон Оказаваны соққының астына алды. Жұдырықтары қарсыласқа дәл тиіп жатты. Барлық жағынан мықтырақ әрі басымырақ болды. Бірақ олар Шымбергеновтың қарсыласының қолын көтерді…

Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-дағы төрешілікке қатысты әрдайым шағым білдіріп келген еді, бірақ Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалында болған оқиға тым шектен шығып кетті.

Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындары бойынша ХОК төрешісіне өз талаптарын ресми түрде білдіреді. Бұл ретте турнирдің ең мықты боксшылары біздің былғары қолғап шеберлерімен бірдей жеребеге түсуі, жалпы жеребенің өткізілу реті, төрешілердің жұмысына сұрақтар туындатты. Ал жергілікті боксшыларға «қызыл кілем» төселді…

ХОК қамқорлығындағы турнирлерде төрешілер шешіміне наразылықтар мен шағымдарды беруге болмайды. Қазақстан — бокс державасы, бокстың көшбасшысы ретінде рингтегі мұндай әділетсіздік фактілерімен келісе алмайды.

Мен өз тарапымнан Асланбек Шымбергеновке жеке қолдау білдіремін! Мұндай фактілер капитанымызды сындырмайды, еңсесін түсірмейді деп сенемін, және ол бокстан ең маңызды халықаралық турнирлерде Қазақстан Туын биікте желбіретеді деп ойлаймын!

Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиадаға барады!

Қазақстан құрамасының ең тәжірибелі әрі ең ауыр боксшысы Азия ойындарының финалына шықты. Жартылай финалда ол Үндістанның өте мықты былғары қолғап шеберін жеңді. Енді біздің чемпионымыз өз шеберлігін финалда паш етеді.

Мен Қамшыбекті осы жеңісімен құттықтаймын! Ол деңгейі өте жоғары боксшы. Жанкүйерлерді қуантты!

Енді байырғы қарсыласы Баходир Жалоловқа қарсы өтетін финалда жеңіс тілеймін.

Асланбек Шымбергенов – қазақтың нағыз батыры!

Халқымыз өз боксшыларын қолдайды! Бұл үшін сіздерге көп рахмет!

Барша қазақстандық жанкүйерлермен бірге мен Асланбек Шымбергеновке қолдау көрсетемін. Елге оралған соң Асланбекке өз атымнан автокөлік сыйлаймын. Асланбек Шымбергенов – қазақтың нағыз батыры!

Карина Ибрагимова Азия ойындарының финалында!

Біздің спортшымыз Тәжікстан өкілімен өткен кездесуде жоғары дәрежеде өнер көрсетті және көп ұзамай Ханчжоуда төрінде Қазақстанның Әнұранын шырқату құқығы үшін бақ сынайды. Құттықтаймын, Карина. Басты кездесу алда. Іске сәт!

Abai.kz