Бай болатын адамдар қай күндері дүниеге келеді

910

Нумеролог маман адам дүниеге келген күнге қарап оның тағдыры мен мінезіне, дағдысына баға беруге болатынын айтты. Сондай-ақ көп адам тек қарап жатып бай болғысы келеді. Бірақ байлық бәріне бірдей жеңіл жолмен, туғаннан, мұра арқылы келе бермейді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

8,17, 26-сы күндері туғандар міндетті түрде бай болады екен. Өйткені олар — адам айтса нанғысыз еңбекқорлар. Олар кейде тасып бай болады, кейде тәуекелі сәтсіз болып, аздап құзға түседі. Бірақ олар ешқашан алақан жайып, ақшасыз қалмайды екен.

Ал 6,15,24-і күндері туғандар — Құдайдың сүйікті құлдары. Олар тек айналасына алғысын жаудырып, қоғамға мейіріммен қараса болғаны, қоршаған орта оларға ақша жеткізуші құралға айналады екен. Өйткені олар ең жолы болғыштар. Сәттілік серік болған адамдар. Бірақ ең басты қағида — айналасына көңіл-күй, мейірім, жақсылық шашуы керек. Сол кезде өзінің жолы болғыш екеніне толық көзі жетеді.

Ал 3,19,21-і күні дүниеге келгендер де ақшаны өзіне тартып тұрушылар. Бірақ олардың ережесі — әрекет етуі керек. Олар қолға алған іс гүлденіп, жанданып, өсіп, дамып кететін сиқырға ие. Сондықтан бұл күні дүниеге келгендерге кәсіпті сараптап, ізденіп, зерттеудің қажеті шамалы. Өйткені олар істі бастаса, ол өзі дөңгелеп кететін күш береді.