ҚР Премьер-Министрі Шымкентке жұмыс сапарымен келді

982
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бүгін жұмыс сапарымен Шымкентке келді. Үкімет басшысы сапары барысында жергілікті нысандар мен көліктің инфрақұрылымның жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Премьер-Министр алдымен қаладағы кәріз-тазарту жүйелерінің аумағында болып, қалдық суды тазарту жүйесін көріп, қалдықтан электр энергиясын алатын биогаз қондырғысының жұмысымен танысты.
Айта кетейік, қала тұрғындарының кәріз жүйесімен қамтылу деңгейі  бүгінде 49,1% құрап отыр. Қала аумағында 2 кәріз тазалау нысаны жұмыс атқаруда. Олардың қатарында -«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қуаттылығы  тәулігіне 150 мың м3 / құрайтын кәріз тазалау имараты мен-«Су және канализация басқармасы» МКК-ның қуаттылығы  тәулігіне 500 м3  құрайтын Тоғыс кәріз тазалау имараты бар.  Жалпы, қалада  қолданыстағы қуаттылығы 80 мың м3/тәулігіне құрайтын кәрізді тазарту имараты (КТИ) 1983 жылы пайдалануға берілген. Онда 2016 жылы қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 150 мың м3/тәулігіне қуаттылыққа жеткізілді.
null
Қаланың солтүстік бөлігінің қарқынды дамуына байланысты кәрізді тазарту имараты 100% жүктемеде жұмыс атқаруда. Осыған байланысты, Бас жоспарға сәйкес қаланың алдағы уақытта дамуына қосымша 2 кәріз тазалау имаратының (КТИ) құрылысын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Олардың  құрылысы ішкі кәріз жүйелерінің пайдалануға берілуі ескеріліп, кезең кезеңімен жүргізілетін болады.
Айта кетсек, қазіргі таңда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі толығымен әзірленді. Сараптама қорытындысын 1-ші тамызда алу жоспарлануда. Қорытындысына сәйкес, алғашқы нысанның жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 115 млн теіге, ал №2 кәріз тазалау имаратының жобалық құжаттамасын әзірлеуге 45 млн теңге қаржы қарастыру қажет. Қалалық бюджеттен оңтүстік және солтүстік бөлігіндегі 2 магистралдық кәріз коллекторы құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге  қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Сондай-ақ, бүгінгі таңда, Ұлағат, Мирас шағын аудандарынан бастап Арғынбекова көшесі бойымен №2 кәріз тазалау имаратына дейнгі кәріз коллекторының құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Жоба құны 3,6 млрд теңгені құрайды.
null
null
null
null