Жеті нысан республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді

1523
«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша 7 нысан республикалық маңызы бар, 8 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді. Шымкент қаласындағы киелі орындар — Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерінің аумағында көріктендіру жұмыстары жүргізілді.
«Қошқар ата» жобасы бойынша Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылып, қаланың тарихи даму кезеңін қазіргі уақытпен ұштастыратын заманауи қалашық және туристік аймақ ретінде дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Қаладағы ескі қалашықты (Цитадель) ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізудің номинациялық деректемесі дайындалды. Қалашықты ашық аспан астындағы мұражай ретінде құру бойынша ЖСҚ дайындауға 2017, 2018 және 2019 жылдары қаржы қаралып, игерілген. Бүгінде мұнда реставрация, консервация жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, Шымкент қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының «Туған жер» арнайы жобасы бойынша 6 жоба дайындалып, жүзеге асырылды. Арнайы жобаның «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша демеушілер мен меценаттар есебінен құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 32 жобаны іске асыру жоспарланған.
Әлеуметтік карта бойынша биыл Әл-Фараби ауданында 20 ауланы жөндеп, абаттандыру, 1 балабақшаның құрылысы жоспарланған. Абай ауданы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 300 млн теңгеге 8 алаңшаның құрылысы қолға алынды. Еңбекші ауданында 43 спорт алаңшасын жөндеу, абаттандыру, 63 ауланы ретке келтіру ісіне 1 млрд 686 млн 500 мың теңге жоспарланған. Бүгінде бұл жұмыстардың 30 пайызы іске асты. Қаратау ауданындағы елдімекендерде 20 спорт алаңшасын соғу, 43 ауланы абаттандыру, ретке келтіру, 2 мектептің құрылысы қолға алынды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бұл жобаларға 1 млрд теңге қарастыру жоспарланған.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында (Оқушылар мен жастар арасында «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным – тағдырым» базалық бағыттары бойынша) түрлі форматтарда 51 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша («Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі», «Мәдениет», «Салт-дәстүр және құндылықтар» жобалары) 42 іс-шара ұйымдастырылды. Киелі орындар мен ескерткіштерге QR кодтар орнатылды.
Қала тұрғындары мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында «Отырар» кітапханасынан «Kovorking» орталығы ашылып, апта сайын түрлі акциялар мен конкурстар ұйымдастырылуда.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ