Шымкентте АШМ ветеринарлық бақылау қызметінің өкілі пара алып ұсталды

1672
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының ветеринариялық қызметі» МҚК ветеринариялық дәрігері арқылы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы пара алу фактісін анықтады.
Олар алты Ветеринарлық сертификат бергені үшін жеке компания директорынан 120 мың теңге пара алды деп күдік келтірілуде.
Кінәсін толық мойындауға байланысты күдіктілерге қатысты  процессуалдық ұстау  қолданылған жоқ.
Тергеу жалғасуда.
Аталмыш іс бойынша күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.