ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА 7 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

1192
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары бірнеше аумақта жүргізілуде, деп хабарлайды Ardak.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда «Тәуелсіздік» саябағы, Қабанбай батыр даңғылындағы «Қабанбай батыр» ескерткіші және «Темір жол» емханасының аумағы, Т.Әлімқұлов және Қошқар ата, Ж.Шәймерденов кешесінің бойында сенбілік жұмыстары өтуде.
Сенбілікте ағаш көшеттерін, гүл егу, өсік шөптерді ору, ағаштарды санитарлық қырқу және әктеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау жұмыстары атқарылды. Ағаш көшеттерінен емен, шынар, үйеңкі көшеттері және шафран, петунья, және райхан гүлдері отырғызылды.
Жалпы тазалық жұмыстарына мемлекеттік және жекешелік мекемелердің, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, аудан тұрғындары және үй, көше, орам басқарушылары, жалпы саны 7200-ге жуық адам қатысып, елу жеті техника жұмылдырылды.
Сенбіліктің мақсаты — тұрғындарға тазалықты сақтау мен жауапкершілікті сезіндіру. Қаланың таза болуына бірге ат салысу. Сүйікті қаламызды бірге көркейтейік!