НҰР ЖАЙЛЫ ШЫҒАРМА дұға осыдүр

2562
Бүкіл қайырымды және мейірімді Тәңір атымен
Ең алғаш бәрінен жоғарғы Тәңір жаратқан нәрсе – ан Һәзіреттің (оған
Тәңір ризашылықпен бата берсін және қошамет сәлемі болсын) нұры.
Бәрінен жоғарғы Тәңір он сегіз мың ғалам және Адамнан бұрын ан Һәзірет
(оған Тәңір ризашылықпен бата берсін және қошамет сәлемі болсын)
нұрының басын иіліп тәжім етуге қойды. Құдай құдіреттен бұйрық жетті
және былай деп айтты:
– Ей, менің нұрым және ей, менің сүйіктім, тағы ей, менің қалаулым және
ей, менің ерекше артықшылығы бар құлым, сенің достық ізгі махаббатыңнан
жеті ағыл-тегіл теңіз жараттым. Әуелгісі – ілім телегей-теңізі, екіншісі –
момын құлық жұмсақтық ағыл-тегіл теңізі, үшіншісі – ақыл-парасат
сарқылмайтын дариясы, төртіншісі – дана нақыл таусылмайтын теңізі,
бесіншісі – пақыр кедейлік ұшан-теңізі, алтыншысы – даналық білім шетшегі жоқ теңізі, жетіншісі – мархабат кешірім ағыл-тегіл дариясы.
Ан Һәзірет (оған Тәңір ризашылықпен бата берсін және қошамет сәлемі
болсын) нұры бар болуы лайықты жаратушы Һәзірет ием бұйрығымен әр
телегей-теңізде он мың жылдан тұрақтап тұрды да, жетпіс мың жылдан соң
бәрінен жоғарғы Тәңірден пәрмен жетті және былай деп айтты:
– Ей, менің нұрым, тағы ей, менің сүйіктім және ей, менің қалаулым, тағы
ей, менің өзгеше артықшылығы бар құлым, ей, достым! Шет-шегі жоқ ұшантеңіздерден шық.
Ан Һәзірет нұры ағыл-тегіл теңізден шықты. Және тағы он сегіз мың ғалам
иесі, бәрінен жоғарғы Құдай пәрменменен айтты:
– Ей, менің нұрым және ей, менің сүйіктім, ей, менің қалаулым, ей, менің
ерекше артықшылығы бар құлым, қасиетті тән бойыңды қағып сілкілендір, –
деді.
Ан Һәзірет нұры қағып сілкілендірген еді, сонда құтты дене мүшелерінен
жүз жиырма төрт мың тамшы су тамды және содан барша пайғамбарлар
пайда болды.
Үш жүз он үш тамшы су қасиетті басынан тамды. Үш жүз он үш
пайғамбар елші пайда болды. Екі тамшы су құтты оң көзінен тамды. Тағдыр
кітабын, тағдыр жазуын пайда қылды. Екі тамшы су құтты сол көзінен
тамды. Әуелгі тамшыдан көк аспанды пайда қылды. Бір тамшысынан тақты
пайда қылды.
Және екі тамшы су құтты оң құлағынан тамды. Жәбірейіл және Микайіл
періште пайда болды. Және екі тамшы су құтты сол құлағынан тамды. Одан
Исрафил, Ғазірейіл періште пайда болды. Және тағы сегіз тамшы су құтты
мұрнынан тамды. Сегіз жәннат пайда болды. Және жеті тамшы су құтты ашуыза қаһарынан тамды. Жеті тамұқ жаһаннам пайда болды. Екі тамшы су
қасиетті жүзінен тамды. Одан ай, күнді пайда қылды.
Бес тамшы су құтты оң қолынан тамды. Әуелі – жетінші қат аспанда өсетін
лотос ағашын, екінші – туба ағашын жаратты. Үшінші – жұмақтың кәусар
бұлағын, төртінші – киелі ғибадатхананы, бесінші – Адамның аса таяғын
жаратты. Аса таяқ Адамнан (онда тыныштық, берекет болсын) Шиш Тәңір
пайғамбарына қалды, одан Мұса пайғамбарға, одан барша діни қауым
басшыларына қалды.
Және бес тамшы су құтты сол қолынан тамды. Әуелі – екпіні күшті суық
жел пайда болды, екінші – рафраф (1. қанат қағу; 2. Исрафил мақамы) желі
пайда болды. Үшінші – күн күркіреу, найзағай пайда болды. Төртінші –
Сүлеймен пайғамбар мөр белгісі пайда болды. Бесінші – Исрафил мүйіз
кернейі пайда болды. Және екі тамшы су қасиетті аузынан тамды. Одан
түнді, күндізді жаратты.
Және Һәзірет Тәңір кіршіксіз пәк және бәрінен жоғары, ауыз қуысы мен
жұтқыншағы жоқ, тағы тілі мен сөзі жоқ, тағы ауызы мен ерні жоқ, тағы тісі
жоқ және барлығын билеп-төстеуші жалғыз иеден көтеріңкі дауыспен
шақыру келді. Айтты:
– Ей, менің нұрым және ей, менің сүйіктім, ей, менің қалаулым, ей, менің
өзгеше артықшылығы бар құлым! Сенің достық мейір махаббатыңнан төрт
нәрсе жараттым. Менің Құдай Тәңірлігім, сенің пайғамбар елшілігіңді ең
алғашқы жаратылыс және ең соңғы ақырына дейін әйгілеп хабардар қылайын
деп, ой-өре пайымына жеттің бе? – деді.
Ан Һәзірет (оған Тәңір ризашылықпен бата берсін және қошамет сәлемі
болсын) нұры айтты:
– Жалғыз, мәңгі, саф таза жаратқан ие, сен білерсің, – деді. Бәрінен
жоғарғы Құдай болса, одан шақыру аяны келді:
– Йа Мұхаммед, мен саған баяндап айтып берейін, әуелі – от, екінші –
самал жел (ауа), үшінші – су, төртінші – топырақ (жер).
Нұр ан Һәзірет болса, әуелі Тәңірі бұйрығымен іле-шала дереу самалға
барып, сәлем берді. Самал болса, Тәңірі пәрменімен тілге кіріп:
– Сен де амансың ба?! – деді.
Нұр ан Һәзірет болса, былай деп айтты:
– Ей, самал, сен кімсің?
Самал жел айтты:
– Мен аса қамқоршыл Тәңірі құлымын.
Нұр ан Һәзірет сұрады:
– Сен бұл әлемде нендей іс қыласың?
Жауап берді:
– Әрқандай ой-ниет тілегім болса, өз қалауыммен жасаймын.
Нұр ан Һәзірет айтты:
– Сен өз олқылығыңды білесің бе?
Самал жел сұрады:
– Менің нендей айыбым бар?
Нұр ан Һәзірет былай деп жауап берді:
– Сен барлық адамды көрерсің, сені ешнәрсе де, кім болса да көрмес.
Самал айтты:
– Ей, Нұр ан Һәзірет, рас па? Шынымен сен олқылықсыз күнәдан пәк
болғаның ба?
Нұр ан Һәзірет:
– Ей, самал жел, Тәңірім, кешірім жаса дегін, пенденің айыбы көп,
кемшіліктерден ада бәрінен жоғары Тәңірі, – деді.
Одан кейін самал жел:
– Құдайдан басқа Тәңір жоқ және Мұхаммед Тәңірінің құдайшыл құлы,
тағы елшісі деп куәлік беремін, – деп ең жақсы қасиетке ие болып, ізгі жолға
лайықты дін Исламға мойынсұнды.
Содан соң ан Һәзірет Нұры судың алдына келді және сәлем берді. Ол да өз
хал-күйі тілімен:
– Сен де сау-саламатсың ба?! – деді.
Ан Һәзірет нұры сұрады:
– Ей, су, сен кім боласың?
Су жауап берді:
– Құдайдың құлымын.
Тағы:
– Жарық дүниеде нендей іс жасайсың? – деп сұрады.
Жауап берді:
– Әрқандай мақсат қалауым болса, өз ой-ниетіммен жасаймын.
Нұр ан Һәзірет айтты:
– Ей, су, Тәңірім, кешірім жаса деп айт. Құл пәнде өз ой-ниет тілегімен іс
жасай алмас. Ей, су, сен өз олқылығыңа қара, нендей айыбың бар?
Су сұрады:
– Менің қандай айыбым бар?
Нұр ан Һәзірет жауап берді:
– Барша нәрсені таза қыларсың, бірақ өзің ластанып былғанарсың.
Су айтты:
– Рас па? Шынымен сенің кемшілік күнәң жоқ па?
Нұр ан Һәзірет айтты:
– Тәңірім, кешірім жаса дегін. Құл пәнденің басынан аяғына дейін
олқылық бар. Айыпсыз бәрінен жоғарғы Тәңірідүр.
Сонда су:
– Құдайдан басқа Тәңір жоқ және Мұхаммед Тәңірінің құдайшыл құлы,
тағы елшісі деп куәлік беремін, – деп бұл да ізгі мұсылман болды.
Содан кейін Мұхаммед Нұры оттың алдына келді. Оған сәлем берді. Ол да
тілге кіріп:
– Сен де аман-есенсің бе?! – деді.
Нұр ан Һәзірет сұрады:
– Ей, от, сен бұл әлемде не істейсің?
От жауап берді:
– Әрқандай ой-ниет тілегім болса, өз қалауыммен жасаймын.
Нұр ан Һәзірет айтты:
– Құл пәнде өз тілек қалуынша іс жасай алмас. Әрбір іс Тәңірідендүр, –
және сұрады: – Ей, от, сен өз олқылығыңды білесің бе?
Сауалға сауалмен жауап берді:
– Менің не айыбым бар?
Нұр ан Һәзірет айтты:
– Ей, от, Тәңірім кешірім жаса дегін. Құл пәнденің басынан аяғына дейін
кемістік бар. Бір сенің айыбыңды алсақ, дүниеде тіріліп пайда болмағың, от
шашып жалынға айналуың самал желменен, ал тұншығып өлмегің суменен.
Айыбы жоқ ең жоғарғы мәртебелі Тәңірідүр, – деді.
От болса бұл кәлиманы айтып, діншіл мұсылман болды:
– Құдайдан басқа Тәңір жоқ және Мұхаммед Тәңірінің құдайшыл құлы,
тағы елшісі деп куәлік беремін.
Мұнан кейін Нұр ан Һәзірет басшылық, жетекшілік рөлді иеленген
топырақтың алдына барды. Оған да сәлем берді. Топырақ та өз хал-күй
тілімен:
– Уа ғалейкүм ас-салам, – деді.
Нұр ан Һәзірет сұрады:
– Ей, топырақ, сен кімсің?
Топырақ жауап берді:
– Мен аса мейірімді Құдайдың құлымын.
Нұр:
– Бұл жарық дүниеде нендей іс қыларсың?
Топырақ айтты:
– Бәрінен жоғарғы Тәңірі әрбір нені әмір етсе, соны жасаймын, – деді.
Нұр ан Һәзірет болса, іле-шала жылдам топырақты құшты және айтып баян
етті:
– Ең алғашқы жаратылыстан соңғы ақырына дейін сені қалап таңдаймын.
Неге десең, оның себебі, сенде даңдайсыған тәкаппарлықты көріп
кездестіргенім жоқ. Һәзірет Адамды сенен жаратып шығарса керек. Және
тағы саған жіберер.
Бәрінен жоғарғы Құдай хабар берер, ең жоғарғы мәртебелі Тәңір айтты:
«Уа һуа би кулли шай’ин ‘ӓлим» («Ол [Құдай] барлық нәрсені біледі»).
Әр адам табиғаттың бастапқы, алғашқы төрт асылы негізінен (элементінен)
құр емес. Кейбіреудің тумысынан жаратылыс болмысы – от және
кейбіреудікі – самал жел (ауа), кейбіреудікі – су, тағы кейбіреудікі – топырақ
(жер). Әр құл пәндеде бар.
Кім де кім бұл нұрнаманы оқыса немесе тағы өзімен бірге алып жүрсе, екі
дүниенің қайғы-қасіретінен, бәлекетінен аман болғай. Тағы әрбір жиынмәжілісте оқыса, мәжіліс-жиын үй-іші естісе, ол құл пәнденің амал кітабына
сансыз көп сауап жазылғай. Қатаң сот болатын күні (маһшар) амал кітабы
оңынан келгей. Барлық қанша күнәлары болса, бәрі де кешірілгей. Көрде тән
денесі шірімегей. Иманы шайтан малғұнның залалы мен бәлесінен аман
болғай.
Және тағы ол құл пәңдеге Тәурат, Інжіл, Зәбүр, Құранның сауабын берер.
Және де ата мен анасының күнәларын өтеп, кешірім шапағаттылық қылғай.
Және де екі жүзді пәлеқор болудан, тағы өсекші жалақорлықтан, тағы о
дүние бәлекетінен және зілзала апаттардан аман болғай. Жақсылардың
қатарында болғай және ғазилардың (ислам үшін шайқасушылардың) сауабын
бергей.
Және тағы кім де кім ықыласымен естісе, ең жоғарғы мәртебелі Құдай
айтар:
– Оны менен менің арамда ешбір шымылдық перде болмағай, сондай-ақ
үш жүз он үш пайғамбар елшінің сауабын бергей. Және де жұма түнінде
немесе тағы дүйсенбі түнінде оқыса, әрқандай қалау талабы болса, қабыл
болуына лайық болғай.
Және шақырған көтеріңкі дауыс келді:
– Йа Мұхаммед, сенің жолыңды ұстаушы үмбеттерің – менің шын берілген
құл пәнделерім. Бұл нұрнаманы қорғаныш етіп, жүзіне сүртсе, қажеті
орындалғай.
Бір риуаятта немесе аңыз әңгіме хабарында тарап келіпті, кім де кім
пайғамбардың (онда тыныштық, берекет болсын) сипаттарын оқыса, сондай
үлкен шарапат тапқай, екі дүниенің бәлесінен, залалынан аман болғай.
Ыждаһатпен зейіндеріңді қойыңдар, бұл шығарманы өздеріңмен бірге алып
жүріңдер. Құдай сақтасын, ажал жетсе, жан тыныс табуы, жан беруі жеңіл
болғай. Қайырымдылық періштелері оның күнәларының арылуын тілегей.
Тағы кім де кім оқыса, дін жолында қаза болғандардың және құлды ерікті
етудің, жеті мәртебе қажылық қылғанның сауабын бергей. Тағы Тәңірі жеті
үрім ұрпағына қамқоршылық қылғай.
Және тағы хикаят-әңгіме қылар, Һәзірет Әліден (Тәңір оның дарқандығын
және абырой-атағын арттырсын). Тәңір елшісіне бәрінен жоғары Құдай
Һәзірет Жәбірейілді жіберді:
– Бұл Нұр жайлы шығарманың сауабы, ол аса көп. Тағы барлық жер
жүзіндегі пұл мен малды садақа қылғанның сауабын тапқай. Кім де кім дәрет
алып, тазалықпен оқыса, ақыл-парасатты осыған қойса, данагөйлік,
кемеңгерлік өлшеусіз арта түсер. Тұтасымен жалпы үмбеттерге берсін.
Һәзірет Жәбірейіл:
– Өте жақсы хабар, жаныммен жеткіземін, – деп жетіп келді: – Йа
Мұхаммед, Құдайың сәлем деді, тағы періштелер шексіз сәлем, мақтау
айтты: «Достым Мұхаммедке хабар бер, әркім оқыса да, не болмаса оқытып
естісе де, ол құл пәндеме қадірлі жақсылардың, ізгілердің сауабын берермін».
Және олардың жайында аят келді, ең жоғарғы мәртебелі Тәңір айтты:
«Фаман таби‘а һуда йафала хауфун ‘алайһим уа ла һум йаҳзануна» («Кім де
кім менің нұсқаған тура жолыммен жүретін болса, олар үшін ешқандай қауіпқатер, уайым-қайғы жоқ болады», «Бақара» сүресінің 38-аятынан үзінді).
Және тағы олардың жайында басқа аят келді, бәрінен жоғарғы Тәңір айтты:
«Аллазина йастами‘унал қаула файаттаби ‘уна аҳсанаһу» («Сөзге құлақ
салып, кейін оның ең жақсысына ілесетіндерге қуанышты хабар жеткіз»,
«Зумар» сүресінің 18-аятынан үзінді).
Жәбірейіл (онда тыныштық, берекет болсын) айтты:
– Йа Тәңір елшісі, бұл Нұр жайлы шығарманы тілеуші түрік, бәлкім ниет
етуші тәжік, тағы қалаушы ғараб және тілеуші ғажам болса да, оның қалап
тілеген ой-ниетін Құдай берер. Сондай-ақ кім де кім дәрет алып, тазалықпен
оқыса, төрт жақын жүрген періште күнәсын тілеп, қияметке дейін оның
қақында күнәдан арылу туралы өтініш айтар.
Тағы ең жоғарғы мәртебелі Құдай ол құл пәндеге Жаһия, тағы Иса, тағы да
Һарун және Жақып, және де Ысһақ, Ибраһимнің де, Ысмайылдың да, тағы
Нұһ және Ыдырыс, сондай-ақ Шиш, сонымен бірге Дәуіт, Айюбтың да,
Сүлейменнің де, тағы Жіржис, тағы да Қызыр және Ілияс және де Шұғайып,
сондай-ақ ан Һәзірет, сонымен бірге қалған басқа барша пайғамбарлардың
(Тәңірінің оларға рақымы мен батасы болсын) сауабын берер.
Ол құл пәнденің күнәсы шөл даладағы құмдардай сансыз көп болса да,
кешірім болғай. Өлген уақытта көрі жарық болғай.
Тағы бұл Нұр жайлы шығарманың керемет қасиетінен үйге ұры кірмегей
және қарыздар болмағай. Бәлки егер қарыздар болса, бәрінен жоғарғы Құдай
құтылу жолын ашып бергей. Оған қоса арамза, залым, ар-ұятсызға ділгер етіп
қоймағай. Бұл әлемде және арғы дүниеде ешқашанда жамандық көрмегей.
Сонымен бірге кім де кім бұл шығарманы өзімен серік қылып, ұрысқа
барса, оқ, қылыш, тағы мылтық және найза, айбалта, шоқпар, қанжар да
өтпегей. Ешқандай бәле және ауырлық көрмегей.
Тағы кім де кім өлер уақытында бұл Нұр туралы шығарманы көріне
жолдасындай серік қылып қойса, ол үмбетім көр азабынан аман болғай.
Мүнкәр мен Нәкір сауалына оңай жауап бергей. Дозақ арқылы салынған қыл
көпірінен жасынның жарқ еткеніндей лезде өткей. Амал кітабы оң қолына
тигей.
Ей, үмбеттерім, бұл дүниелік өткінші, опасыз нәрселерге алданып
жаңылыспаңдар. Арғы дүниелік ақырет ісінен хабарсыз болмаң. Міндетті
түрде бес күндік ғұмырыңызға сенімділік қылмаңдар.
Ауызша сақталған аңыз әңгіменің баян етуінше, имам Мұхаммед
Ғазалидың (Құдай оны кешірсін, шапағаты болсын) төрт жүз кітапханасы бар
еді және оған кіріп, кітап оқып, зерделеп қарап, жақсы нәрселерді үйренер
еді. Сонда бұл Нұр жайындағы кітапты көріп, оқыған сайын жанға
жағымдылығын жақсы көріп, өте рахаттанып, өлшеусіз разылықпен шатшадыман, мәз болды. Және де бұл шығарманы Сұлтан Махмұт Ғазнауи үшін
алып, жүріп кетті.
Бұл Нұр туралы кітапты біліп, [Сұлтан Махмұт Ғазнауи] он күндік жолға
қарсы алуға шықты. Имам [Мұхаммед Ғазали] да он күндік жол жүріп, бір
жерде жатты. Ертеменен жүріп, Сұлтан Махмұттың қызметіне жетті. Бірбірімен көрісті. Сұлтан Махмұт болса, бұл Нұр жөніндегі кітапты көріп, өте
масаттанып, ерен шаттанды. Және де бұл Нұр жайлы кітаптың құрметіне
мың қой, оған қоса мың түйе құрбандық берді. Сондай-ақ барлық ғұлама,
тағы діни қауым басшыларын және мұсылман діні үшін өмірін пақырлыққа,
сопылыққа берген кісілерді аралап, қадірлі шапан жауып, абыроймен
бақытқа бөлендірді. Тағы да өте көп жарылқаушылық, қайырымдылық істер
жасады. Дереу өз ықпалы жүретін қол астындағы жерлерге жүріп кетті.
Шаһар мен шаһар, уәлаят пен уәлаят жүрді. Бір жерде болса, сонда жатып,
түс көрді. Түсінде Тәңір елшісі жүз жиырма төрт мың пайғамбарлық
өкілділікті иеленген елшілермен келді.
– Сұлтан Махмұттың күнәсін кештім және арғы дүниелік ақиретін
гүлдендірдім. Жәннат есігін жүзіне аштым. Қайсы есікті қаласа, сол есіктен
кірсін.
Нұр жайлы кітаптың керемет қасиетінен Сұлтан лезде ұйқыдан шошып
оянды. Бұл көргенінің барлығы болса, түсі екен. Және бұл түсінің құрметіне
тоғыз жүз қой, бес жүз түйе құрбандық берді. Оған қоса он мың жалаңашқа,
кембағал жанға киім, тон берді. Мың мешіт, тағы мың медресе және мың ат
көлікпен тоқтайтын, қонақтарға арналған керуен сарай құрылыстарын
жүргізіп, ғимараттар салды. Қағба жолында мың құдық қаздырды. Жетімжесірдің көңілдерін жұбатып, оларға қайырымдылық және мейірімділік істер
жасады.
Кім де кімнің ісі қиындап еш жүрмесе, оңға баспаса, бұл шығарманы
өзімен алып жүрсе, не болмаса оқыса, егер сауаты жоқ болса, оқытып естісе,
ол құл пәнденің ісі алға жүреді. Кім де кім сенбей күмән келтірсе, жақсы
емес және бұл сауабтан мақұрым болып, құр қалар.
Нұр жайлы шығарманың дұға-тілегі осыдүр
Бүкіл қайырымды және мейірімді Тәңір атымен
Йа Тәңірім, мені жаныңда нұрға айналдыр, тағы жүзімді нұрландыр және
басымды нұрлы ет, шашымды да нұрға айналдыр, жақын серігімді де
нұрландыр, тағы нәпсі құмарлығымды нұрлы ет, құлағымды да нұрға
айналдыр, көзімді де нұрландыр, ауыз-ерінімді де нұрлы ет, тағы тілімді
нұрға айналдыр, сапа-қасиетімді де нұрландыр, іңкәрлік-махаббатымды да
нұрлы ет, тағы жүрегімді нұрға айналдыр және сүйегімді нұрландыр, тәнденемді де нұрлы ет, қолымды да нұрлы ет, тағы теріскей-сол жағымды нұрға
айналдыр және ең жоғарғы төбемді нұрландыр, астыңғы төмен жағымды да
нұрлы ет, бүйір-қапталымды да нұрлы ет, тағы әділеттілігімді нұрға
айналдыр және діндарлығымды нұрландыр, қатерсіз нанған сенімділігімді де
нұрлы ет, мойынұсынған мұсылмандығымды да нұрлы ет, тағы ақиқат
жолындағы басшылық нұсқауымды нұрға айналдыр және өлім құрығынан
құтылмайтын ажалымды нұрландыр, қияметте тірілгенімді де нұрлы ет,
Құранды әуезді сарынмен оқығанымды да нұрлы ет, белуарға дейін иіліп,
тәжім етуімді де нұрлы ет, басымды иіп, сәжде жасауымды да нұрлы ет, тағы
отыруымды нұрға айналдыр және көр-мазарымды нұрландыр, қабірде өтер
уақытымды да нұрлы ет, кірер ауыз есігім мен орынымды да нұрлы ет,
қияметтегі өлшем дәрежемді де нұрлы ет, тағы ар-ұждан мен ішкі дүние
негізімді нұрға айналдыр және ағыл-тегіл ұшан-теңізімді нұрландыр,
кешірілген азаттығымды да нұрлы ет, ең соңғы ақтық сәтімді де нұрлы ет,
жүрекке қатысты орталығымды да нұрлы ет.
Йа Тәңірім, құдайшыл таңғажайып құдіретіңмен нұрлысың, сыйлыққа
беретін марапаттарыңды да нұрландыр.
Йа Тәңірім, айрықша құзірет дәргейіңмен нұрлысың, йа көктер мен жердің
нұры, тану даналығың мен хабардарлығың да нұрлы және ұлық дәрежең де
нұрлы, кең пейілділік пен жомарттығың да нұрлы!
Ешқандай олқылығы жоқ, барлық нәрседен саф таза Тәңірі, жаратушылық
ісің де нұрлы! Ей, жаратқан иеміз, біздерді де нұрға айналдыр! Ақиқатында
сен барлық нәрсеге күштісің, құдіреттісің, барлығын билеп-төстеушісің.
Ей, Тәңірі, өзің жаратқан халықтардың абзалы Мұхаммедке және оның
барша әулеті мен серіктеріне ізгілік бере гөр! Солай болсын.
Асылы мәтіннен, түпнұсқадан қазақшалаған: Құралбек ЕРГӨБЕКОВ,
Қазығұрт ауданы.