Қазақстанда семіздік, қант диабетімен ауырғандар көбейіп, семіздікке шалдыққан балалар да артып кеткен. Сол үшін құрамында қанты бар сусындар қымбаттайды, деп Қазақстанның мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант бар сусындарға акциз енгізуді ұсынып отыр.
– Артық дене салмағы – бұл созылмалы аурулардың дамуының алғышарты. Бұл ретте біз жарты литр «Кока-Кола» құрамында, егер мен қателеспесем, қанттың 10 тәуліктік дозасы бар екенін көреміз. Шартты түрде бала кола ішіп, он есе көп қант тұтынады. Сондай-ақ, біз қантты барлық өнімдермен алатынымызды білеміз, — деп түсіндірді Есмағамбетова.
Мұндай акциздер қазіргі таңда көп елде енгізілген.
– Қант қосылған сусындарға салынатын салықтар тұтынуды азайтуға мүмкіндік беретін шаралардың бірі. Әрине, бұл шараларға қосымша таңбалауды енгізу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын міндетті жүргізу және ең бастысы, балаларда тамақтану әдеттерін қалыптастыратын ата-аналармен жұмыс істеуін жатқызуға болады, — деп толықтырды вице-министр.
Айжан Есмағамбетова тамақтану әдеттері бес жасқа дейінгі балаларда қалыптасатынын атап өтті. Сондықтан бұл мәселеде ата-аналардың өздері, отбасы ішіндегі және одан тыс тамақтану ережелері маңызды.
Abai.kz