Ресей әскерінің соғыстағы шығыны жайлы Владимир Путин алғаш рет сөз қозғады, деп хабарлайды Abai.kz.
Ресей президентінің айтуынша, Украина қарулы күштері қатарынан айына 50 мың адам қаза тауып, жараланады. Ол бұл шығын ресейліктерден бес есе көп деп есептейді. Себебі Украинаның өлген және жараланған әскерінің арақатынасы 50/50.
Арифметика көрсеткіш бойынша Украинада Ресейдің «ай сайын 5000 сарбазы қаза тауып, тағы 5000 адам жарақат алады».
Путин Батыс «2022 жылдың көктемінде Ресей мен Украинаның бейбіт келісіміне кедергі келтірді», әйтпесе соғыс сол кезде аяқталатын еді деп те қосты.
Ресей президенті Ыстанбұл келісімі жалпы Ресейді де, Украинаның да мүддесіне сай болғанын айтады.