«Мен сайқымазақ, клоун емеспін»: Нұрлан Қоянбаев кеңесші болып, айлығы жоқ қызметке тұрғанын айтты

689

Продюсер, тележүргізуші, актер Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Алайда, актерды сынаушылар оны «сайқымазақ» деді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол өзін түрлі теңеулермен сынағандарға ренішін білдірді.

«Мен Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Қоянбаев. Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасымын. №45 гимназия мектебін алтынға бітірдім. Қазақ Ұлттық Әл-Фараби университетінің тарих факультетінде білім алдым. Экономика және құқық академиясында финанс және кредит мамандығын бітірдім.

300 милиондық аудиториясы бар, ең ірі жастардың ойынында, Мәскеу қаласында қазақтың әзілін төрге шығарған команданың капитаны болдым. (тек мықты мемлекеттердің ғана әзілі дамыған: АҚШ, Англия, Франция т.б) Телеарна саласында бағдарламамыз 9,3 рейтингімен рекордтық нәтиже көрсетті. Оны телеарна саласында қызмет атқаратындар, телевизия тарихындағы ең жоғарғы рейтингтерінің бірі екенін айтып бере алады.

Кино саласына келіп, ол саланың маманы болмасам да, Голливудтың дәуірін тоқтаттым. Мемлекеттік бюджеттен бір тиын алмай, жұмыс істеуге болатынын көрсеттік. Бұл үрдіс жас режиссерлерге серпін беріп, жол ашып, соңғы кездері жылына 120 ға жуық отандық фильмдер түсіріліп жүр. Яғни, жыл сайын Голливудтқа кететін 100 млн долларға жуық ақша, енді елімізде қалуда. Ол дегеніміз 4-5 жылда 500 млн доллар!

Мұның барлығы креативтің арқасында. Осы креативті ойларымды пайдаланып еліме қызмет еткім келеді.

Облыс әкімдерімен кездесіп, көп ойларыммен бөлісіп жүрмін. Әзірге тек Түркістан облысы ғана креативті идеяларымды қолдады. Ешқандай айлықсыз және бюджеттен тыс.

Байқағаным, менің Түркістан облыс әкімінің штаттан тыс кеңесші болғаным туралы,кейбір біршама журналистердің мақалаларында “Сайқымазақ”, “Клоун” деген сияқты сөздер шығуда. Мен сайқымазақ емеспін, мен Қазақпын! Ешкімге керек емес, ешкім мән бермитін әзіл саласында 25 жыл еңбек етіп, 5 мың теңгелік айлықтан, 100 миллион долларлық индустрияны қалыптастырған креативті продюсерлерінің бірімін!

Неге мен өз елімде тіпті, айлығы жоқ қызметке тұрғанда, ақталып, пост жазуым керек?!

Негізі, негатив жазатындар көп емес. Айтқым келгені, елімізді дамытамыз десек, позитивті, текті қазақтардың белсенділігі қажет. Әр жерде, әр салада, тіпті коммент жазуда да ұтылмайық!», деп жазды.

«Алға Бауырым! Сізді әрқашан қолдаймыз!»,