ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАЛАСЫНА 2,5 МИЛЛИОН ТЕНГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМ АҚЫ БЕРІЛГЕН…

127

    Ұлы  Абай  атамыздың  «қалауын  тапса  кар  жанады  « дегеніндей  тәуелсіздігіміздің  30жылдан  астам  уақытында   кейбір  жергілікті  билік  тарапынан «қолынан  келсе  қонышынан  басып» қызмет  бабын  асыра  пайдалану  барынша  етек  алғаны   қарапайым  халықты  мазалайтыны  рас.

Бүгінде  ата-бабамыздан қалған ұлан  байтақ  жерімізде  азаматтарға  үй  іргелік  жер  беру мәселесі  тығырыққа  тіреліп , бұл мәселені  шешу іс  жүзінде  мүмкін  болмай  отыр.

Себебі ,жергілікті  атқару  билік органдары  «құдай  берді  деп» қарамағындағы  жерлерді  оңды  -солды сатуға    қызыққаны  соншалықты , бүгінде  азаматтарға  берілетін   жер  қалмады  деп  ауыздарын  құры  шөппен  сүртіп  отырған  жағдайы  бар.

Мысалы  ,мегаполис атанған  Шымкент қаласында бүгінде  8-сотық үй іргелік  жердің орташы   бағасы  13-15 млн.  тенгеден  кем  емес.

Осындай  жағдайда , қала  әкімшілігінде  кезекте    тұрған   183 мың  азаматтың  мәселесін  шешілмейтіні    айдан  анық.

Себебі ,берілетін  жердің  бәрі  сатылып  кеткен ,ал    бірен – саран  қалған  жерлері  болса  да  тамыр танысқа  ,қалауын  тапқан  қалталы  азаматтарға   бұйырып  жатса  керек.

Кезекте  тұрған  183 мың   азаматтың  арасында  Еңбек  және  де  Ауған  соғысының  ардагерлері,әлеуметтік  жағынан  аз  қорғалған  азаматтар,батыр  аналар  ,  қалаға  ерен  еңбегі  сіңген   қоғам  қайраткерлеріне  жергілікті  билік құрмет  көрсетуге  міндетті  емес  пе  еді?

Жоқ  әлде ,нарықтық заман  талабы  осындай  деп мемлекеттік лауазымдық міндеттерін  ұмытып  барынша  қарапайым  халық  тұра тұрсын ,бірінші  кезекте өздеріміздің  жағдайларымызды жасап  алайық  деген  саясаттың  салдары  ма  болды  ма  екен?

Соңғы  4-5  жылдың аясында , елімізде  қарттар  күні  халықаралық  қаттар күні  мәртебесі дәрежесіне  көтерілуіне   байланысты ,  көп  өңірлерде   атқарушы  билік тарапынан  бұл мереке тиісті  дәрежеде   атап  өтілуде .

Алайда  ,  осы  шараның  Шымкент қаласы әкімшілігі тарапынан  ескерусіз қалуына    орай  , Шымкент қаласының  тұрғыны   ,еңбек  ардагері  Е.К.Тұрдақов  тарапынан  қазан  айының  14 күні  Шымкент қаласының  әкімі   Ғабит  Сыздықбековтын  атына  дербес   хабарлама — ұсыныс  бере  отырып, Республика  күні  қарсаңына  орай , ең болмағанда  75-жастан  асқан  еңбек  ардагерлеріне  сый-  құрмет  көрсетуін  сұранған  болатын.

Осы хабалама  ұсынысты  орындауға  жауапты   қала  әкімінің  орынбасары

Қуаныш   Асылов  мырза  бұл  жайлы қала  әкімін  хабардар  етпей,мәселенің  мән  жайына  бармай , бюрократиялық  тәртіппен   қалалық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар басқармасына  жолдаған.

Кейіннен , Қуаныш  Асылов   мырза  тарапынан осы  мәселенің  жай күйіне   қатысты    қалалық   жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  басқарма  тарапынан   берілген «шығарып  салма»    жауабына   баға  бермеу     салдарынан  еңбек ардагерінің  қойған  мәселесі  назардан  тыс  қалған.

Егерде , осы мәселе  қала әкіміне  дер кезінде  хабарланып , Қ.Асылов  тарапынан  нақты  мәселе  қойылғанда   5-10  ардагерге  Республика  күніне  орай жергілікті  бюджеттік  қаржы  есебіненен сый- құрмет  көрсету  проблема  болмас  еді ғой …

Осы  орайда ,әлеуметтік  желіде  тараған  Арқалық  қаласы  Жұмыспен  қамту  және  де  әлеуметтік  бағдарламалар басқармасы  тарапынан қала  әкімінің  баласына  2,5  млн .тенге  әлеуметтік  жәрдем  берілгені   таң  қалдырады .

Бұл  аз десеңіз,  Атырау облысында  халықты  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасы  тарапынан бюджеттің  73млн теңгесі  талан — таражқа  түскені  тағы  бар.

Сонымен ,калалық  әкімшілік тарапынан Республика  күніне  орай   ,өткізілетін шаралар     аясында    біршама  ардагерлерге      сый  -құрмет   көрсетіле  алмауы ,

бұл мәселеде  қала  әкімі   Ғабит  Әбдімәжітұлы   Сыздықбеков  тарапынан  азаматтардың  жолданымдарын ,хабарлама –ұсыныс тарын  қарау  мәселесінде                                                                   тиісті  талапты ,тәртіпті  қамтамасыз  етудің    қолға  алынбай  отырғаны  байқалады.

Е.К.ТУРДАХОВ ,Еңбек ардагері

журналист