Қырғыстанда депутаттар елорданы басқа қалаға ауыстыруды және сол жақта министрлер кабинетін орналастыруды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы депутат Бақытбек Мәріпов Жоғарғы кеңес отырысында ұсынды. Оның ойынша, Бішкекте кептеліс пен ауаның ластығы туралы мәселе әлі де біразға созылады.
«Бішкекте екі басты әкім пайда болса да, ол елордадағы түтін мен кептеліс мәселесін шеше алмайды», – деді парламентші.
Мәріпов елорданы басқа қалаға ауыстыру көптеген инфрақұрылымдағы мәселелердің шешімі. Яғни, кептеліс болмайды. Ол теміржолды Бішкектен көшіру 550 миллион долларға, ал айналма жол салу 1 миллиардтан асатынын еске салды.
Депутат Ыстықкөл облысында салынып жатқан 10 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отырған қазіргі заманғы Асман қаласына көшіруді ұсынды.