ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

226

Шымкент қаласында білім саласын дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда дарынды балаларға арналған №1 IT-лицей-интернаты мен О.Жолдасбеков атындағы №9 IT-лицей ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын жаңғырту – оқушыларға заманауи, қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған. Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттардың сыртқы және ішкі бөліктері толық жаңартылып, инженерлік-коммуникациялық жүйелер, жылыту, жарықтандыру және санитарлық тораптар толықтай жаңғыртылады.

Мақсат – оқушылардың сапалы білім алуына лайықты жағдай жасау;
Заманауи оқу кабинеттері мен ІТ сыныптар жабдықталады;
Энергия үнемдейтін және экологиялық таза материалдар пайдаланылады.

Бұл – тек ағымдағы жөндеу емес, болашаққа салынған инвестиция. Өскелең ұрпақтың білімі мен дамуына жағдай жасау – бүгінгі күннің ең өзекті міндеттерінің бірі.

Шымкент қаласы білім саласында ілгерілеуді жалғастырып, жаңа оқу жылына сапалы дайындық жасауда.