АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Шараға «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен орталықтың кәсіподақ төрайымы Әсел Әсетқызы қатысты. Олар ұжым мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, кездесу барысында еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХҮІІ-съезінің және «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды. Бұл бағдарламаның мақсаты – кәсіподақтардың қызметін жаңғырту, жұмысшылардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды күшейту және олардың еңбек жағдайларын жақсарту.
Сонымен қатар, кездесу барысында ұжым мүшелері кәсіподақ жұмысының маңызы мен оларды қолдау мақсатында қабылданған шараларды талқылады. Жұмысшылардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріліп, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған жаңа ұсыныстар қарастырылды.
Жиын қорытындысында орталықтың жұмыскерлерін алда келе жатқан «30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен» және Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, бірқатар жұмысшы мамандарға кәсіподақ наградаларын табыстады. Бұл марапаттар жұмыскерлердің кәсіби жетістіктері мен еңбекке деген адалдығын бағалаудың белгісі ретінде берілді.
Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгілерімен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Жаған Гүлзәт Күмісбекқызы және заңгер Үсіп Фариза Ешетқызы марапатталды;

  • «Құрмет грамоталарымен» дәрігер — стоматолог Тешабаев Дияржан Бахтиярұлы, дәрігер — невропатолог Турдахунов Мурод Амантаевич, шаруа бикесі Халмуратова Феруза Мавлановна марапатталды;

  • «Алғыс хаттармен» палата санитары Ахмаджанова Нигора Сайдыкаримовна, массажист Әбдібаева Ұлмекен Полатқызы және санитар тазалаушы Ермекбаева Кулзейнеш Маттаевна марапатталды.
    Кәсіподақ мүшелері мен марапатталушыларға алдағы уақытта да табыс пен кәсіби жетістіктер тілеп, жаңа белестерге жетуге ынталандыру мақсатында көтермелеу шаралары ұйымдастырылды.